COVID-19: Бразилияда өлім-жітімнің тәуліктік рекорды тіркелді

11 Наурыз 2021, 08:48
1435
Бөлісу:
COVID-19: Бразилияда өлім-жітімнің тәуліктік рекорды тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БразилиядаБір күнде 2 мыңдай азамат көз жұмған. Вирус жұқтырғандар қатары одан да көп, деп хабарлайды 24.kz.

70 мыңдай тұрғын инфекцияға шалдыққан. Мамандардың айтуынша, қазір елдің ең ірі 15 қаласындағы жансақтау бөлімдері 90 пайызға толған. Жалпы денсаулық саласы құлдырауға шақ тұр.

Денсаулық сақтау жүйесіне түскен ауыртпалық өте үлкен болып тұр. Ауруханалар науқастар ағынына төтеп бере алмай жатыр. Осыған байланысты биліктегілер ел азаматтарын вакцинамен қамтамасыз ету жағын реттеулері қажет, – дейді жергілікті тұрғын Северино Перрейра.

Өзгелердің жаңалығы