Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасы белгіленді

11 Наурыз 2021, 11:24
2716
Бөлісу:
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасы белгіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкіметтің отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі жол картасын әзірленгенін айтты.

Халықтың өмір сапасының басты факторы - азық-түліктің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету. Былтыр Үкімет пен әкімдіктер азық-түлік өндіруді, сақтау мен барлық өңірлерге жеткізуді қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қабылдаған болатын, - деді ол.

Асқар Мамін атап өткендей, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасы белгіленді, «қайтарымды схема» арқылы бағаны өсірмеу бойынша міндеттеме алған сауда желілеріне жеңілдікті қарыз беру тәжірибесі кеңейтілді.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Бұл шаралар әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсімін тұрақтандыруға мүмкіндік берді.  Алайда, осы жылғы қаңтардан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсімі орын алды, бұл Үкімет пен әкімдіктердің қосымша шаралар қабылдауын талап етеді, - деп түсіндерді Үкімет басшысы.

Маминнің сөзінше, бағалардың ең көп өсуі Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында және Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелді. 

Осыған орай, Сауда және интеграция министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі жол картасын әзірледі. Ұсынылған шараларды мақұлдауға болады, оларды іске асыруға кірісу қажет, - деді премьер-министр.
Өзгелердің жаңалығы