Все новости за 26 желтоқсан 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қазақстан құрамасының УЕФА рейтингіндегі орны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. УЕФА еуропалық футзал құрамаларының 2019 жылдың соңындағы рейтингін жариялады. Бұл туралы KazFootball.kz хабарлады.
-
Жамбыл облысы қалай дамуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы өнеркәсіпте де, ауыл шаруашылығында да әлеуетке ие өңір ретінде экономиканың барлық салалары бойынша жыл сайын тұрақты өсімін көрсетіп келеді.
-
Кеңес әскерінің Ауғанстанға кіргеніне 40 жыл толуына арналған шара өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы "Жауынгер-интернационалистер мемориалы" ескерткіші алдында Кеңес әскерінің Ауғанстанға кіргеніне 40 жыл толуына арналған еске алу митингі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Түркия Ливияға әскер аттандырмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қаңтар айында парламент өз жұмысын қайта бастаған кезде ел әскерін Ливияға жіберу туралы сауал жолдайтынын айтты.
-
Биыл Түркістанда жастарды қолдау мақсатында 1 млрд теңгеден астам грант бөлінген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жыл - "Жастар жылы" деп жариялағаны белгілі. Осы орайда, биыл Түркістан облысында жастар жылын қолдау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды.
-
Билл Гейтс америкалық қызға 37 кг сыйлық берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Microsoft компаниясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс Reddit порталы ұйымдастырған "Тайный Санта" ойынына қатысты.
-
Елордада Инсульт орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Көпсалалы медициналық орталықтың ішінен Инсульт орталығы ашылды.
-
Түркістан облысында АӘК алатын 40 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысына жұмыс сапармен келген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев Түркістан облысы Сайрам, Ордабасы аудандары мен Түркістан, Кентау қалаларындағы бірқатар әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде болды.
-
БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоттарының саны 10,6 млн бірліктен асты
Алматы, BAQ.KZ. БЖЗҚ – бүгінде 10,6 миллионнан астам шоттың есебін жүргізетін және әкімшілік ететін тұрақты қаржылық институт.
-
Түркістанда әкелер форумы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен "Әкелер" форумы өтті. Шараны Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған "Әкелер мектебі" ұйымдастырды.
-
Елордада жол ақысын төлеудің жаңа түрі шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қоғамдық көлікте бет-әлпетті сканерлеу арқылы жол ақысын төлеу жобасы іске қосылды.
-
Ресейліктер Жаңа жыл қарсаңында жаппай тышқан алып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жыл қарсаңында ресейліктен кеміргіштерді жаппай сатып алып жатыр. Тышқанға деген сұраныс екі еседен асып кетті.
-
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
-
Президент шағын кәсіпкерлікті дамыту туралы Жарлыққа қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды.
-
Ұлыбритания дипломаттарын электр кроссоверге отырғызады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның әлемнің әр еліндегі дипломаттары электр кроссоверге отырады.
-
ТҮҚЖБ салымшыларына арнап мұз айдында мерекелік кеш өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жыл қарсаңында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Павлодар қаласындағы филиалы салымшыларымен жақынырақ танысу үшін "Zhilstroy Ice Party" мерекелік кешін ұйымдастырды.
-
Мәслихат депутаты Павлодар облысы әкімінің портретін 31 млн теңгеге сатып алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Болат Бақауов бейнеленген картина қайырымдылық аукционында сатылған.
-
Алматыда 1700 бала үшін жаңажылдық көрсетілім қойылды
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Қазақ мемлекеттік циркінде қаланың барлық мектебінің оқушылары үшін жаңажылдық көрсетілім өтті.
-
Роман Григорчук "Астанадан" кетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Расталмаған ақпаратқа сүйенсек, "Астана" футбол клубының бас бапкері Роман Григорчук жыл соңына дейін қызметтен кетеді.
-
Алматыда бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың соты басталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың ісіне қатысты сот процесі басталды. Ол сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ақша жымқыру ісі бойынша айыпталуда. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
-
"Ауруларды басқару бағдарламасының ең озық пациенті" байқауының жеңімпаздары анықталды
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған "Ауруларды басқару бағдарламасының ең озық пациенті" атты бірінші республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды.
-
АШМ: 2019 жылы 16 цифрлық шаруақожалық және 6 smart-ферма құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жыл қорытындысы бойынша елімізде 16 шаруақожалық "цифрлық" жүйеге көшіп, мал шаруашылығында 6 smart-ферма пайда болды.
-
Малды қораға кіріп ұрлағандар 10 жылға сотталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов жаңа заң жобасына "мал ұрлығы" деген бөлек бап енгізілгенін айтты.
-
Жамбылда жемқорлыққа қатысты 18 қылмыстық іс тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімдігінің мәжіліс залында Облыстағы білім саласында орын алған құқық бұзушылықтар туралы кеңес өтті.
-
Сыбайлас жемқорлық. Бір жылда 100-ге жуық қаржыгер сотталып, 400-ге жуық іс қозғалды
Тергеушінің мәліметі бойынша, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының басым бөлігі кеден органдарына да тиесілі (өндірістегі іс – 169, сотқа жіберілген іс – 100, сотталған адам саны – 36).
-
АҚШ елшілігінің өкілі Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы АҚШ-тың Уақытша сенімді өкілі Теодор Линг мырза қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
-
Алматыда Жастар жылы қорытындылады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен "Tuńǵyshtar kezeńi" атты жастар форумында Жастар жылының қорытындысы шығарылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
-
Жамбылда тыңайтқыш зауытының құрылысына 1 млрд доллар инвестиция салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының, сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша берген тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету аясында Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды.
-
"Педагог" туралы заң жобасы Назарбаевадан өтіп Тоқаевқа кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент сенаты "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын бірден екі оқылымда қарап мақұлдады.
-
#Желмая. Нағи Бақытбек шоу бизнестен футболға неге кетті?
Қазақстан футбол федерациясы Маркетинг және PR қызметі департаментінің директоры Нағи Бақытбек футболға қалай келді?
-
Мәмбет Қойгелді: Ресей архивтерінен құжат алу – анағұрлым жеңіл –
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тарихшы бұл туралы "Я себя совершенно не признаю виновным!" атты кітабының тұсаукесер рәсімі кезінде айтты.
-
Советтік режимге қарсы бас көтерген қазақ қаһармандары жайлы кітап шықты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада тарихшы, профессор Мәмбет Қойгелдінің "Я себя совершенно не признаю виновным!" атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
-
Қарағандыда "Мерседес" мінген мас шабандоз 6 көлікті қағып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол апаты салдарынан "Мерседес" автокөлігінің жүргізуші мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
-
Сарапшы смартфонды толық қуаттамауға кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қолданушы смартфонын өшірмей, түні бойы қуаттаса, құрылғы батареясы 100%-ға жетсе де бұл аккумулятор ресурсын азайтады.
-
АӘК үміткерлер 2020 жылдың қаңтарынан бастап құжат тапсырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар АӘК тағайындау үшін 2020 жылғы қаңтар айы ішінде құжаттар тапсыра алады.
-
Ауғанстанда бейбітшілік қозғалысының 26 белсендісін ұрлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанның батысында "Талибан" радикалды исламшыл тобы бейбітшілік қарауыл жасағына шабуыл жасап, 26 белсендіні ұрлап әкетті. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
-
Сауд Арабиясында ерте некелесуге тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабия билігі ерте некелесуге тыйым салды. Бұл туралы Saudi Gazette елдің заң министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
-
Ерекше балалар әншілермен бірге жаңа жылды тойлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Медеу ауданы әкімдігі мүгедектігі бар балаларға арнап "Армандар орындалады. Кедергісіз келешек" атты жаңажылдық қайырымдылық кеш ұйымдастырды.
-
Мүдделер қақтығысы туындайды: Анар Жарова тұрғын үй құрылысы саласындағы жемқорлық туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция департаментінің басшысы Анар Жарова тұрғын үй құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықтың сын-қатерлеріне байланысты сыртқы талдау қорытындысы туралы баяндады.
-
Түркістанда "Батыр ана" форумы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан қаласында "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында "Батыр ана" көпбалалы іскер аналар форумы өтті.
-
Көші-қон заңнамасын бұзған Тәжікстан азаматтары ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері "Мигрант" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Сотталған 11 мың адам жұмыс істейді – ҚАЖ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде 23,5 мың адам жазасын өтеу орындарында отыр. Жиырма мың адам жұмысқа жарамды.
-
2019 жыл: Бес баланың өлімі, аналар наразылығы және атаулы әлеуметтік көмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қазақстанда біршама оқиға болды. Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың қатары көбейді. Табысын жасырған отбасылар анықталып, бюджет қаржысы қайтарылды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала санына қарамай көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылданды.
-
Қазақстанда кедейлердің саны артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың III тоқсанында 843 мың қазақстандықтың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (31,1 мың теңге) төмен болды.
-
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басшылығының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
-
Назарбаева судьяларға: Берген анттарыңызды ұмытпаңыздар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент сенатының жалпы отырысында ҚР жоғарғы сотының бес судьясы сайланды.
-
Головкин үздік боксшылар рейтингіне енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Businessinsider.com порталының нұсқасы бойынша қазіргі заманның ТОП-15 боксшысы рейтингіне кірді
-
Ұлттық банкте бірқатар ауыс-түйіс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Президент Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
-
Абайдың 175 жылдығына орай ерекше күнтізбе жарыққа шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әр адамның жұмыс күні күнтізбені бір шолудан басталады. Ал әр күн сайын сол күнтізбеңізге бір көз тастағанда, Абайдың қара сөздерінің бір жолын оқып тұрсаңыз, керемет емес пе?
-
Жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп директорлары түзету мекемесіне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте мектеп директорлары тергеу изоляторында қамаудағыларды ұстау шарттарымен таныстырылды.
-
Ауа райына байланысты еліміздің үш өңірінде жолдар жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің үш облысында жолдар жабық. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Министр қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов барша қазақстандықты келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
-
Елбасы ішкі істер министрін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады.
-
Дәурен Ермеков GFC уақытша титулын жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Дәурен Ермеков Алматыда өткен GFC 23 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
Қарағандыда ядролық медицина орталығы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында ядролық медицина орталығы ашылады. Ол елдегі осы секілді мекеменің бесіншісі болмақ, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бес қаласында ауа сапасының ластануы күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.
-
Бұрқасын, тұман, көктайғақ – ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша, бейсенбіде күні еліміздің кей жерінде бұрқасын болып, жел күшейеді.
-
Допинг дауы: Ресей халықаралық сотқа шағымданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің шешімімен келіспейді, деп хабарлайды 24.kz.
-
2020 жылы Павлодарда әлеуметтік салаға 30 млрд теңге бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық мәслихаттың 2019 жылғы соңғы сессиясында Павлодардың 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті бекітілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
Ақтөбеде Antikor ortalyǵy ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жанында орналасқан Antıkor ortalyǵy сервистік ғимараты ашылды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Елорданың жедел медициналық жәрдем стансасы 52 жаңа көлікпен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының жедел медициналық жәрдем стансасы 52 жаңа көлікпен толықты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қарағандының тауар өндірушілері салынып жатқан көтерме-тарату орталығында болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылық тауар өндірушілерге Global City көтерме-тарату орталығының мүмкіндіктері таныстырылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Шығыс Қазақстанның үздік дәрігерлері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы үздік дәрігерлер анықталды, деп хабарлайды altaynews.kz.
-
Чилиде қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чилиде орман өрті қалаға жетті, деп хабарлайды 24.kz.
-
Таразда газ тарату желілерін жаңарту аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласының газ тарату желілерін жаңғырту жұмыстарының І кезеңі толығымен аяқталды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінен хабарлады.
-
"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасының алғашқы нәтижесі белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрлігі тоғыз жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасының алқашқы нәтижесін шығарды.
Наверх