Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

26 Желтоқсан 2019, 08:32
1859
Бөлісу:
Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бес қаласында ауа сапасының ластануы күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Балқаш, Қарағанды, Теміртау және Шымкент қалаларында ауа сапасының ластануы күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Алматы, Тараз, Өскеменде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Өзгелердің жаңалығы