Чилиде қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланды

26 Желтоқсан 2019, 02:50
2491
Бөлісу:
Чилиде қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чилиде орман өрті қалаға жетті, деп хабарлайды 24.kz.

Вальпараисо қаласында 100-ден аса үйдің тек күлі қалған. Билік қауіптіліктің ең жоғары деңгейін жариялап, тұрғындарды эвакуациялады. Осы тілсіз жаудың кесірінен қазір 95 мың отбасы жарықсыз отыр.

Өрттің нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Кейбір мәлімет бойынша, бәзбіреулер қасақана от қойған болуы мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы