Мәмбет Қойгелді: Ресей архивтерінен құжат алу – анағұрлым жеңіл –

26 Желтоқсан 2019, 14:49
3361
Бөлісу:
 Мәмбет Қойгелді: Ресей архивтерінен құжат алу – анағұрлым жеңіл –
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тарихшы бұл туралы "Я себя совершенно не признаю виновным!" атты кітабының тұсаукесер рәсімі кезінде айтты.

Ол жиын барысында Мәскеудің архивіне құжаттарды еш қиындықсыз бергеніне алғысын білдірді. Оның айтуынша, мұндай құжаттарды жергілікті архивтерден алу әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр екен.
Ұлттың мәдениеті шындыққа жақын болуынан, шындықты мойындауынан көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда орыс қоғамында осы қасиет бар, оны мойындауымыз керек. Керек жерінде шындыққа мойынсыну, көмектесу оларда бар. Ал осы құжаттарды Алматыдан ала алмайсың. Бізде бермейді. Өткен жылы бұрынғы КНБ-нің архивінен құжат алу үшін ішкі істер министріне өтініш бергем. Осындағы департаментінің бастығы генералда болдым, олар бермеді, - дейді Мәмбет Қойгелді. 
IMG_20191226_105547.jpg

Тарихшы ел Парламентіне де "жабық істерді ашыңыздар" деп бірнеше хат жазыпты. Алайда, осы уақытқа дейін нәтиже болмаған. 

Соңғы кезде Нығматуллиннің өзіне жаздым. Парламент мүшелеріне де осы архив мәселесін қараңыздар деп өтініш хатпен шықтым, дегенмен еш нәтиже жоқ. Марат Тәжин мемлеккеттік хатшы болып тұрған кезде барғанмын. Ол кісі "көмектесем" деп қолына алды, алайда жұмысынан кеткелі аяқсыз қалды, - дейді ол. 

Айта кетсек, бүгін Алматыда тарихшы, профессор Мәмбет Қойгелдінің 1960-1980 жылдары Советітк жүйеге қарсылық танытқан жандар туралы "Я себя совершенно не признаю виновным!" атты кітабының тұсаукесер рәсімі өткенін хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы