Бұрқасын, тұман, көктайғақ – ауа райы болжамы

26 Желтоқсан 2019, 08:11
3454
Бөлісу:
Бұрқасын, тұман, көктайғақ – ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша, бейсенбіде күні еліміздің кей жерінде бұрқасын болып, жел күшейеді.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, Қазақстан территориясының басым бөлігіне Атлант мұхитынан келетін антициклон әсер етеді, жауын-шашын тоқтайды. Тек республиканың солтүстік және шығыс бөліктері әлі де фронтальді аймақта болғандықтан кей жерде қар жаууы мүмкін. Республиканың кей жерінде тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасындатып, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын болады, түнде Павлодар облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде тұман түседі, Ақтөбе облысында жел тұрып, жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсуі ықтимал, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде кей жерде тұман күтіледі.



Өзгелердің жаңалығы