Билл Гейтс америкалық қызға 37 кг сыйлық берді

26 Желтоқсан 2019, 21:46
2106
Бөлісу:
Билл Гейтс америкалық қызға 37 кг сыйлық берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Microsoft компаниясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс Reddit порталы ұйымдастырған "Тайный Санта" ойынына қатысты.

Миллиардер  Мичиган штатының 33 жастағы тұрғыны 33 жастағы Шелбиге сыйлық берді. Бұл туралы "NEWS.ru" америкалық таблоидтарға сілтеме жасап жазады.

Кәсіпкер салмағы 37 килограмдай болатын америкалық кәдесыйларды жолдаған. 

Мен Билл Гейстен сыйлық алудың қандай керемет екенін әрдайым ойлайтынмын. Бірақ мұндай бақыт маған бұйырады деп ойламаппын, - деді қыз.

Сыйлықтардың ішінде қыздың сүйікті фильмдері "Тақтар таласы" және "Гарри Поттер"  кейіпкерлерінің бейнесіндегі Lego жиынтықтары болған.

Өзгелердің жаңалығы