Сотталған 11 мың адам жұмыс істейді – ҚАЖ

26 Желтоқсан 2019, 12:03
3914
Бөлісу:
Сотталған 11 мың адам жұмыс істейді – ҚАЖ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде 23,5 мың адам жазасын өтеу орындарында отыр. Жиырма мың адам жұмысқа жарамды. ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Есқали Саламатов Алғашқы республикалық ҚАЖ мекемелеріндегі шаруашылық-өндірістік қызмет жөніндегі отырыста айтты.

Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселесі Қылмыстық-атқару жүйесі қызметіндегі ең басты басым бағыттардың бірі ретінде анықталған. Бүгінде сот үкімі бойынша  бостандығынан айыру орындарында 23,5 мың адам отыр. Олардың ішінде он бір мың адам  жұмыс істейді. Жиырма үш мың бес жүз адамның 20 мыңы жұмысқа қабілетті. Бірақ былтырмен салыстырмаймыз. Себебі осы жақында есептеу әдісін өзгерттік. Қазір біз максималды көп адамды есептейміз. I, II топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар мемлекеттен жәрдемақы алатындықтан, есепке алмаймыз. Зейнет жасына жеткендерді, туберкулезбен ауыратындарды есепке алмаймыз. Міне, осы санаттағы сотталғандарды есепке алмаймыз. Қалған барлығын есептейміз, - деді  ол.
Оның сөзінше, сондықтан еңбекке жарамды сотталғандардың саны артты. Шамамен, 2 ай бұрын еңбекке жарамды 14 мың адам еді. Олардың ішіне техникалық мектептерде, жалпы оқуда жүргендердің жұмысқа уақыты жоқ деп есепке алынбайтын. Ал бүгінде олар түске дейін оқып, түстен кейін жарты ставкамен жұмыс істей алады. Сондықтан еңбекке жарамды сотталғандардың саны жиырма мыңға дейін өсті.

Өзгелердің жаңалығы