Роман Григорчук "Астанадан" кетеді

26 Желтоқсан 2019, 17:36
4910
Бөлісу:
Роман Григорчук "Астанадан" кетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Расталмаған ақпаратқа сүйенсек, "Астана" футбол клубының бас бапкері Роман Григорчук жыл соңына дейін қызметтен кетеді. Бұл туралы KazFootball.kz хабарлады.

Келісімшарт бойынша украиналық бапкер әлі бір жыл жұмыс істеу керек. УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты және Премьер-лигадағы чемпиондықта алтыншы орын алды.

KazFootball.kz порталының ақпаратына қарағанда, астаналық команданың келесі бапкері Қазақстанда жұмыс тәжірибесі бар шетелдік маман болмақ.

Өзгелердің жаңалығы