АӘК үміткерлер 2020 жылдың қаңтарынан бастап құжат тапсырады

26 Желтоқсан 2019, 13:54
6246
Бөлісу:
АӘК үміткерлер 2020 жылдың қаңтарынан бастап құжат тапсырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар АӘК тағайындау үшін 2020 жылғы қаңтар айы ішінде құжаттар тапсыра алады.

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев және ҚР еңбекмині еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев Шымкент қаласы және Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлеріне және аудан тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа ережелерін түсіндірді.

Бірінші вице-министр Түркістан облысында түсіндіру жұмыстары қарсаңында Сайрам ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығына барудан бастады. Жылқыбаев Халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлеріне АӘК-ті жаңа форматта тағайындау мәселелерін азаматтармен алдын-ала пысықтауды ұсынды.

Сіздер білесіздер, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалатын болады. Енді сіздердің екі негізгі міндеттеріңіз бар: желтоқсан айына төлемдерді келесі жылға ауыстырмай жыл соңына дейін төлеу және азаматтарға қаңтар айында АӘК тағайындау үшін құжаттар тапсыруға болатындығын және ақпанда әлеуметтік көмек алатындығын түсіндіру. Олар жаңа жылдық мерекелерден кейін алаңдап, жұмыспен қамту орталықтарында кезек құрудың қажеті жоқ, - деді ол. 

Сонымен қатар, Сайрам ауданында Ержан Жылқыбаев нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында АӘК, гранттар мен микрокредиттер алғаннан кейін өз ісін табысты ашқан ауыл тұрғындарымен кездесті.

 

Осы адамдардың біреуі шағын бизнесті үйде ашты, біреу мектепке дейінгі білім беру курстарын ұйымдастырды. Бұл мемлекеттің қолдауын пайдалана отырып, отбасының материалдық жағдайын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жақсы табыс табуға да мүмкіндік беретін мысалдар. Мен жұмыссыз адамдарды кәсіпкерлікті дамыту үшін жақсы тетіктер көзделген "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына белсенді қатысуға шақырғым келеді. Сонымен қатар, көпбалалы аналарды кіші және шағын бизнеске тарту үшін келесі жылдан бастап кредит беру мерзімі артып, кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме азаяды, – деді Ержан Жылқыбаев ісін жаңа бастаған кәсіпкерлермен кездесу соңында.
 


 

 

Бүгін бірінші вице-министр Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Қала тұрғындарының алдында сөз сөйлеген Ержан Жалқыбаев 12 желтоқсанда ҚР Парламентінің Сенаты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдағанын еске салды.

Заң көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізуді, АӘК көрсету тетіктерін жетілдіруді және табысы аз отбасынан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама енгізуді көздейді, – деді Жылқыбаев. 

Сонымен, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74 388 теңге мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

АӘК ұсынудың жаңа тәсілдері мыналарды көздейді: әр тоқсан сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау; АӘК тағайындаудың қазіргі шекті критерийін сақтау - отбасының жан басына шаққандағы орташа табыс күнкөріс деңгейінің 70%-ынан кем болуы керек; отбасының барлық мүшелері үшін АӘК мөлшерін жан басына шаққандағы кірістер мен кедейлік шегінің арасындағы айырмашылық ретінде анықтау; еңбекке қабілетті азаматтарға қойылатын талаптарды күшейту, егер олар жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда, АӘК төлеу барлық отбасы үшін тоқтатылады; учаскелік комиссиялардың осы процестегі рөлінің күшеюімен отбасының материалдық жағдайына зерттеу жүргізу мерзімін 3 күннен 7 күнге дейін ұлғайту.

Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну аясында 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасылардың балалары азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық заттарымен қамтамасыз етіледі, 6 жастан 18 жасқа дейін олар мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдары мен мектеп киімдерімен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ, мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі. 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек, оның ішінде стоматологиялық көмек ақысыз медициналық көмектің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілдендірілген көлемі аясында көрсетіледі.

Сөз соңында Жылқыбаев заңға сәйкес, ағымдағы жылы тағайындалған АӘК жарты жылға тағайындалғаны немесе бір жылға тағайындалғаны маңызды емес, 31 желтоқсанға дейін әрекет ететінін атап өтті.

Жұмыс сапары барысында бірінші вице-министр сондай-ақ ХҚКО-ға, ХЖҚО-ға және Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамтудың мобильді орталығына барады, онда қызметкерлермен қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ АӘК алғаннан кейін бизнес ашқан қала тұрғындарымен кездеседі.

Осындай түсіндіру жұмыстарын 26-27 желтоқсанда Түркістан облысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, 24-25 желтоқсан аралығында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұкышев Қарағанды облысында АӘК-тің жаңа тетіктерін енгізу бойынша халыққа және Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұрын хабарланғандай, ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың өңірлерге жұмыс сапары барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар, Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан,  Қостанай және Маңғыстау облыстарының, сонымен қатар Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындарына АӘК тағайындаудың жаңа тетіктері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Өзгелердің жаңалығы