Көші-қон заңнамасын бұзған Тәжікстан азаматтары ұсталды

26 Желтоқсан 2019, 12:15
6357
Бөлісу:
Көші-қон заңнамасын бұзған Тәжікстан азаматтары ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері "Мигрант" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізілген іс-шара барысында Шу стансасында "Нұр-Сұлтан – Сарыағаш" бағытындағы жолаушылар пойызындағы құжат тексеру кезінде 21-22 жас аралығындағы Тәжікстан Республикасының үш азаматын анықтап, ұстады.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі, яғни шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның визада не тіркеу кезіндегі көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген хабарламада.

Құқықбұзушылар Шу аудандық сотының шешімімен елден шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы