Жамбылда жемқорлыққа қатысты 18 қылмыстық іс тіркелді

26 Желтоқсан 2019, 16:31
2271
Бөлісу:
Жамбылда жемқорлыққа қатысты 18 қылмыстық іс тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімдігінің мәжіліс залында Облыстағы білім саласында орын алған құқық бұзушылықтар туралы кеңес өтті.

Алдымен сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Ә.Әшірбаев нақты атқарылған жұмысттар туралы айтты.

2019 жылы 18 қылмыстық іс тіркелді. Олардың ішінде 14 іс сотқа жолданып, 26 тұлғаға айып тағылды. Қазіргі уақытта 8 тұлға сотталды. Білім саласындағы жасалған құқық бұзушылық бойынша салыстырмалы талдау жасасақ, қылмыстар едәуір өскен, оның ішінде мемлекеттік қаражатты жымқыру деректері жиілеп кетті, - дейді департамент басшысы.

Сонымен қатар Әшірбаев өңірдегі нақты ашылған қылмыстар туралы да айтты.

Аталған қылмыс деректерге сәйкес, жиын соңында бірқатар ұсыныстар айтылды.

Өзгелердің жаңалығы