Биыл Түркістанда жастарды қолдау мақсатында 1 млрд теңгеден астам грант бөлінген

26 Желтоқсан 2019, 22:02
3664
Бөлісу:
Биыл Түркістанда жастарды қолдау мақсатында 1 млрд теңгеден астам грант бөлінген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жыл - "Жастар жылы" деп жариялағаны белгілі. Осы орайда, биыл Түркістан облысында жастар жылын қолдау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Бұдан бөлек, облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың арнайы тұжырымдамасы әзірленді. Нәтижесінде облыс көлемінде 251 жоба мен шара зерделеніп, Түркістан облысының 4 идеологиялық бағытына сәйкес 11 жаңа ірі жоба жүзеге асты. 

Атап айтқанда, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасының II бағыты "Жаппай кәсіпкерлікті дамыту" аясында 505 000 теңгелік грантты – 2093 жас иеленді. Оның жалпы көлемі 1 млрд тенгеден асты. Бұдан бөлек, облыста кәсіпкерлікті дамыту бойынша бағдарламаларды насихаттау, шалғай ауылдардағы жастарға мемлекеттік әлеуметтік көмек шараларын түсіндіру, грант, несие алу жолдарымен таныстыру үшін аудандарда облыстық мобильді топ құрылды. Нәтижесінде 8 600-ден астам жасқа мобильді қызмет түрлері көрсетілді, - деп атап өтті облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Жасыл ел" жобасы бойынша 2019 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін 1275 жас жұмыспен қамтылды. Олардың жалақылары 75 мың теңгені құрады. 

09.jpg

Сонымен қатар, "Дипломмен ауылға" жобасы аясында 2019 жылы 1695 жас маман жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 913 маманды құраған. Облыс басшылығының қолдауымен 356 жас маман баспаналы болды. 

Жыл қорытындысымен облыстық мәслихатпен бірлесе "Дипломмен ауылға" форумы өткізіліп, белсенді жастар марапатталды. Насихаттау жұмыстарының жүйелі жүруінің арқасында түрлі роликтер мен челленждер түсіріліп, "Жастар практикасы" бағдарламасына қатысушылар саны артып, 6 635 жас 6 айлық жұмыспен қамтылды. 

Елбасы, Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласындағы құрылыс нысандарына студент жастар тартылды. Осы орайда, Түркістан қаласындағы 10 құрылыс компаниясымен келісімшарт жасалып, нәтижесінде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 1000-ға жуық студенттері 2 ай бойы қаламыздың құрылысына қатысып, гүлденуіне үлес қосты. 

Сондай-ақ, облыс әкімдігі тарапынан жазғы маусымда жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған TURKISTAN – JASTAR QALASY жобасы ұйымдастырылып, республика бойынша ең ауқымды, сәтті жоба деген баға берілді. Шараға 30 мыңнан астам жастар қатысты. 

Бұдан бөлек, Түркістан қаласында ұлттық ойындар, стрит бол, стрит уорк аут, стрит дэнске арналған 4 жаңа жастар алаңшалары салынды. Түркістан қаласындағы туризм, инфрақұрылымды дамыту бағытында "Ырыс" микроқаржы ұйымымен бірлесіп, жас кәсіпкерлердің бизнес жобаларын қолдау бағытында "Жас кәсіпкер" бағдарламасы жүзеге асты. Нәтижесінде, жастардан несие алуға – 50 жоба ұсынылып, 35 жоба 1 пайыздық несиемен қаржыландырылды. Оның жалпы көлемі  70 млн теңге құрады, - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні облыс орталығындағы туризм, мейрамхана ісі, инфрақұрылымды дамыту бағытында жас кәсіпкерлердің "Ернұр" хостел, "Рейс" студиясы, "Сити" ферма, YassCoffe, Yass Burger жобалары сәтті жүзеге асуда.  

Атап өтейік, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы жастар жылын қорытындылау мақсатында "Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айналдырудағы жастардың рөлі" атты "Таун Холл" форматында шарасын өткізіп, жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесі бойынша презентация ұйымдастырды. 

Өзгелердің жаңалығы