Қарағандыда "Мерседес" мінген мас шабандоз 6 көлікті қағып кетті

26 Желтоқсан 2019, 14:24
14800
Бөлісу:
Қарағандыда "Мерседес" мінген мас шабандоз 6 көлікті қағып кетті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол апаты салдарынан "Мерседес" автокөлігінің жүргізуші мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

92a4118034f6579ee990f27ad880e415.jpg
26 желтоқсанда сағат 02:30 шамасында 26 жастағы "Мерседес" автокөлігінің жүргізушісі Язев көшесі жағынан Кеншілер даңғылының бойымен Республика даңғылына бағыт алып бара жатып, алдын ала болжам бойынша ішімдік ішкен күйде көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, қоршауды соғып өтіп, Құрылысшылар көшесі 23/7 үйдің ауласында тұрған әртүрлі маркадағы алты автокөлікті соққан, - делінген хабарламада.

dfebe2c6ea83242e5c07176bbfceadd2.jpg

Жол көлік оқиғасының салдарынан "Мерседес" автокөлігінің жүргізушісімен оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы