АШМ: 2019 жылы 16 цифрлық шаруақожалық және 6 smart-ферма құрылды

26 Желтоқсан 2019, 16:47
3432
Бөлісу:
АШМ: 2019 жылы 16 цифрлық шаруақожалық және 6 smart-ферма құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жыл қорытындысы бойынша елімізде 16 шаруақожалық "цифрлық" жүйеге көшіп, мал шаруашылығында 6 smart-ферма пайда болды. 

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР АШМ "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне автоматтандырылған жүйелерді енгізуде. Қазіргі заманғы сандық технологиялар есебінен министрлік еңбек өнімділігін, сондай-ақ аграрлық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды жоспарлап отыр.

2019 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі аграриялар мен ІТ-қауымдастықтар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырды. Жыл қорытындысы бойынша өсімдік шаруашылығында қосымша 16 "сандық" шаруашылық, ал мал шаруашылығында 6 smart-ферма пайда болды, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2018 жылы 12 шаруа қожалығы мен 3 құс фабрикасы "цифрлық" және мал шаруашылығына бейімделген 12 қожалық "smart-ферма" мәртебесіне ие болды. Бүгінгі таңда елімізде компьютерлік жүйелер арқылы автоматтандырылған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жалпы саны 49-ға жетті.

Өзгелердің жаңалығы