Дәурен Ермеков GFC уақытша титулын жеңіп алды

26 Желтоқсан 2019, 09:08
4643
Бөлісу:
Дәурен Ермеков GFC уақытша титулын жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Дәурен Ермеков Алматыда өткен GFC 23 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Алматы Аренада" өткен турнирдің басты жекпе-жегінде Arlan MMA Pro Team өкілі ресейлік Артур Гусейновпен кездесті.

Жекпе-жек толық үш раундқа жалғасып, төрешілердің шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті. 

Осылайша, отандасымыз орта салмақтағы GFC уақытша титулын жеңіп алды. 

Осы турнинир барысында өнер көрсеткен Жасұлан Әкімжан ресейлік қарсыласына есе жіберсе, Сәбит Жүсіпов та жеңілістің дәмін татты. Ал Руслан Сариев мансабындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді.


Өзгелердің жаңалығы