Елордада жол ақысын төлеудің жаңа түрі шықты

26 Желтоқсан 2019, 19:58
1955
Бөлісу:
Елордада жол ақысын төлеудің жаңа түрі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қоғамдық көлікте бет-әлпетті сканерлеу арқылы жол ақысын төлеу жобасы іске қосылды. Бұл туралы Елорда инфо сайты хабарлады.

FacePay жүйесі жол ақысын жолаушылардың беп-әлпетін сканерден өткізіп, төлеуге мүмкіндік береді.

26 желтоқсанда елорда қоғамдық көлігінде FacePay биометриялық мәліметтер бойынша, жол ақысын төлеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба басталды.

Жобаны "Астана LRT" ЖШС, ForteBank және iPay компаниясы іске қосты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін автобустарда FacePay жүйесінің техникалық тестілеуі туралы жарияланған болатын.

Арнайы жабдықтар екі автобуста орнатылған. FacePay пайдаланушылары бұл автобустарды корпустағы логотиптер арқылы тани алады.

Әлемде осындай жоба қоғамдық көлікте алғаш рет жүзеге асырылуда. Бұл сервис арқылы кез келген жолаушы қоғамдық көлікке кіріп, жол жүру ақысын төлей алады.

Қолма-қол ақшасыз төлем болғандықтан, жол жүру құны – 90 теңге.

Арнайы камералармен жабдықталған автобустарда жүйе адамның бет-әлпетін танып, автоматты түрде қажетті соманы алады. Пайдаланушы жүйе арқылы, сондай-ақ өз банкінің смс-банкингі арқылы төлем туралы хабарлама алатын болады. Бұл жүйенің жүргізуші үшін функционалы да ыңғайлы және автоматты түрде есеп жүргізуге мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Жүйе қолданыс үшін оңай және оның қауіпсіздігі тиісті деңгейде. Қоғамдық көлікте жол ақысын FacePay арқылы төлеу үшін Тelegram-нан @FacePay_bot бот-бағдарламасын тауып, оған ЖСН-ды тіркеп, суретке түсіру керек және банктік картаны тіркеу қажет.

Кейіннен "Астана LRT" ЖШС Transcard мобильдік қосымшасындағы сервисі үшін API және банктердің интернет-банкингтерінде ұсынылатын болады.

Карталарды тіркеу ForteBank серіктес-банкі тарапында жүзеге асады, сондай-ақ аталған банк төлемдерді қабылдау және транзакциялар қауіпсіздігі үшін жауапты.

Жүйе төлемді едәуір жеңілдетеді және болашақта азаматтардың әлеуметтік мәртебесі мен жеңілдіктерін ескеретін болады. Бұл келешекте жеңілдіктері бар азаматтар да FacePay-де тіркеліп, оны пайдалана алады дегенді бірдіреді.


Өзгелердің жаңалығы