"Ауруларды басқару бағдарламасының ең озық пациенті" байқауының жеңімпаздары анықталды

26 Желтоқсан 2019, 17:05
8377
Бөлісу:
"Ауруларды басқару бағдарламасының ең озық пациенті" байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған "Ауруларды басқару бағдарламасының ең озық пациенті" атты бірінші республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды. Бұл туралы аталған институттың баспасөз қызметі хабарлады.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрайымы Роза Қуанышбекова Қазақстанда 2013 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан Ауруларды басқару бағдарламасы (АББ) созылмалы аурулары бар ақпараттандырылған, белсенді пациенттер мен емхана мамандарының, яғни мультитәртіптік команда мүшелерінің – түрлі мамандық дәрігерлерінің, мейіргерлер, әлеуметтік қызметкерлер, Салауатты өмір салты орталығының мамандары және психологтардың өзіне өзі көмек көрсете білу, сондай-ақ денсаулыққа әсер ететін факторларды бақылау дағдыларына үйрету секілді тұрақты өзара әрекеттесуі арқылы асқынулардың алдын алуға бағытталғандығын айтып өтті.

Денсаулық сақтау министрлігі АББ енгізу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты біздің институтқа жүктеді. Бағдарламаға: артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы кіреді. Оны енгізу емханаларда жүктеме мен кезектілікті, стационарлық және жедел медициналық көмекке қажеттілікті азайтуға, сондай-ақ өзіне өзі көмек беруді қолдану жолымен пациенттің өзінің денсаулығына деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған, - дейді Роза Қуанышбекова.

Институт басшысының айтуынша, аймақтарда АББ жүзеге асыру жоғары нәтиже көрсетті: АББ енгізілген пациенттердің тобында шұғыл ауырғандар саны азайды, барлық қатысушының денсаулық көрсеткіштері жақсарды. Негізгі артықшылығы - дәрігер мен пациент серіктес болды. 

Осыған байланысты бағдарламаны көпшілікке тарату мақсатында біз конкурс өткізуді шештік, бүгін біз олардың ішіндегі ең озықтарын марапаттадық, олар - Ирина Воробьева (Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының №1 қалалық емханасының пациенті) және Серік Меңдібай (Жамбыл облысы Талас аудандық емханасының пациенті),- деп атап өтті.

WhatsApp Image 2019-12-26 at 13.32.54.jpeg

Республикалық конкурстың жеңімпазы Серік Меңдібай өзінің денсаулығына деген көзқарасының өзгергендігі, өмір сүру салтын толықтай қайта қарастырғандығы, дұрыс тамақтануға, спортқа көп көңіл бөлгендігі және осыдан кейін оның денсаулығының қалпына келгендігі туралы айтып өтті.

"Оқжетпес" ЕСК АҚ "Алматы" филиалы директорының емдеу-сауықтыру жұмыстар жөніндегі орынбасары Салтанат Бейсембаева оңалту қызметін ұсынатын ұйым ретінде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұйымдастырған "Ауруларды басқару бағдарламасы бойынша ең жақсы пациент" атты бірінші Республикалық байқауды қолдауға шешім қабылдап, 2 жеңімпазға шипажайға жолдама бөлгендерін айтты. 

Осындай озық пациент конкурсын өткізу қажет, өйткені пациенттер тәртіптілік көрсетіп,  өз денсаулығына жауапты болатындығын түсінеді, медицина қызметкерлерімен серіктес болып, бұл ретте денсаулықтары жақсарып, дұрыс тамақтанып, дене қимылымен айналыса бастайды, алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгереді, денсаулығы нашарлаған кезде өзіне өзі қалай көмек беретіндігі және асқынуларды қалай болдырмауға болатындығы бойынша білім алады. Оқуға, емделуге деген позитивті ойлау жақсы нәтижелерге әкеледі, - деп атап өтті Салтанат Бейсембаева.

АББ озық пациенттеріне сертификаттар мен ҚР президенті Іс басқармасының медициналық орталығының "Алматы" шипажайына жолдама берілді.

Ауруларды басқару бағдарламасының ең озық пациенті" атты бірінші республикалық конкурсының жеңімпаздарын құттықтау салтанатына сонымен қатар пациенттерді емдеген дәрігерлер мен мейіргерлер, АББ үйлестірушілері де келді. Олар Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен және "Алтын дәрігер" төсбелгісімен марапатталды.

Ескерте кетейік, "АББ озық пациенті" конкурсы еліміздің барлық аймағында екі ай ішінде аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде өткізілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы