Қарағандыда ядролық медицина орталығы ашылады

26 Желтоқсан 2019, 08:50
2968
Бөлісу:
Қарағандыда ядролық медицина орталығы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында ядролық медицина орталығы ашылады. Ол елдегі осы секілді мекеменің бесіншісі болмақ, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Ядролық медицина орталығы келесі жылдың соңында "Облыстық онкологиялық диспансер" КМК базасында жұмыс істейді. Орталықта ПЭТ/КТ аппараты орнатылады. Ол радионуклеидті диагностиканы жүргізуге, ісік құрылымын және функционалдық ерекшеліктерін молекулалық деңгейде бағалауға мүмкіндік береді. Әдіс аурудың ерте сатысында кіші ісік ошақтарын анықтауға және ісіктердің орналасуы мен шеттері туралы нақты деректермен адам ағзасының үш өлшемді бейнесін алуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда осындай төрт аппарат бар: оның үшеуі Нұр-Сұлтанда және біреуі Алматыда. Бұған дейін қатерлі ісікке шалдыққан қарағандылықтар зерттеуден өту үшін осы қалалардың біріне баруға мәжбүр болатын. Қазір кезекті күту уақыты үш айға жуық. Қарағандыда ядролық медицина орталығының пайда болуымен ол айтарлықтай қысқарады. Орталық құру туралы шартқа осы аптада қол қою жоспарлануда. 
Өзгелердің жаңалығы