Все новости за 28 қаңтар 2026
-
-
Астанадағы жол апатынан екі адам қаза тапты
Астанада Сарайшық көшесіндегі көпірде адам өліміне әкелген жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
29 қаңтарда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 29 қаңтарда елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Петропавлда ер адам пойыз астына құлап мерт болды
Қайғылы оқиға 27 қаңтар күні, кешке Петропавл қаласында болған. Жүріп келе жатқан пойыздың астына ер адам түсіп қалып, алған жарақаттан оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
16-18 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді
ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 16-18 ақпанда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде
Қазақстан экономикасының "қызып кету" ықтималдығы қаупін көрсететін Халықаралық валюта қорының бағалауы елде болып жатқан құрылымдық өзгерістерді ескере отырып, қосымша контекстті талап етеді.
-
Алдағы үш күнде аяз басылып, тұман, желдің күшеюі күтіледі
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш тәулік ішінде Қазақстан аумағының басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады, соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҰҰ: "Қазақстан балалары" бағдарламасы көптеген елге үлгі бола алады
БҰҰ Қазақстанның «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасын (2026-2030) қабылдағанын мақұлдады. Бұл бағдарлама балалардың әл-ауқатын арттыруға, балаларды қорғау жүйесін нығайтуға және әрбір бала үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған кешенді стратегия болып табылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Министр: Биыл жасанды интеллект бойынша мықты магистратура ашылады
Астанада өткен Qazaqstan NEXT 2026 форумында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл жасанды интеллект бағыты бойынша мықты магистратура іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қызыл аймақ": Бозымбаев коммуналдық желілерді жөндеуді жеделдетуді талап етті
Вице-премьер-министр Қанат Бозымбаев Коммуналдық және энергетикалық секторларды жаңғырту (МЭКС) Ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі Жобалық кеңсенің отырысын өткізді. Кездесу барысында ағымдағы жылға арналған жоспарлар қаралды, сондай-ақ келесі жылға жобаларды қалыптастыру және рәсімдерді үйлестіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Саясат Нұрбек генеративті ЖИ өзгерткен мамандықтарды атады
Астанада өтіп жатқан Qazaqstan NEXT 2026 форумында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек генеративті жасанды интеллектінің әсері күткендегіден әлдеқайда терең болғанын айтып, бұрын "адамды алмастырмайды" делінген мамандықтардың өздері бүгінде ең осал топқа айналғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әскери борышкер өлімі: Командирге қатысты үкім өзгеріссіз қалды
Маңғыстау облысының бұрынғы командирі Дамир Досовқа қатысты үкім кассациялық сотта өзгеріссіз қалдырылды. Ол әскери борышкер Марат Барқұловты өлтіргені үшін сотталған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Үйде 5 есе көп жұмыс істейді": Әйелдердің мансап жолында қандай кедергілер бар?
Астанада өткен Qazaqstan NEXT 2026 форумында KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина әйелдердің мансабын жалғастыруына кедергі болып отырған негізгі факторларға тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап қаза тапты
Алматыда 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, қаза тапты. Аталған ақпаратты полиция растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кінәлі ме, жоқ па? Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Сәпиев ісіне қатысты түсініктеме берді
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті бұқаралық ақпарат құралдарында Серік Сәпиевтің орынбасары Дәурен Есімхановпен болған жанжалда кінәлі деп танылғаны туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Кездейсоқ тарап кеткен хат үлкен шешімді ашты: Алпауыт компания 16 мың қызметкерін қысқартады
Америкалық технологиялық алпауыт Amazon жаһандық ауқымда 16 мың қызметкерін қысқартатынын ресми түрде растады. Бұл туралы компания қызметкерлерге арналған электронды хаттың кездейсоқ тарап кетуінен кейін белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сапалы білім: 100 мұғалімге грант берілетін болды
Шымкентте 100 мұғалімге қала әкімінің гранты берілетін болды. Бұл туралы BAQ.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
-
Жоғалған Атырау тұрғынының мәйіті Жайық өзенінен табылды
Атырау облысында екі апта бойы іздеуде болған 1966 жылы туған ер адамның мәйіті Жайық өзенінен табылды. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полиция, әскерилер мен еріктілер тартылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Щучинсктегі қызылша індеті: 71 кадет стационарлық бақылауда
Щучинск қаласындағы кадеттер арасында қызылшамен жаппай ауру жағдайы әлі де бақылауда. Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде қызылшамен ауырғандар саны 71-ге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Талғат Байсуфиновтің тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
-
Жан Мұқанов: Қазақстан ой еңбегімен табыс табуды үйренуі керек
Танымал продюсер Жан Мұқанов Qazaqstan NEXT 2026 форумында креативті экономика туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
FIPP төрағасы: Қазақстан жаһандық идеялардың қайнар көзіне айналып келеді
Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Next 2026 халықаралық форумы аясында Қазақстанның жаһандық трендтерді тұтынушы ел рөлінен біртіндеп алыстап, экономика, медиа, технология және жасанды интеллект салаларында өз күн тәртібін қалыптастырып келе жатқаны айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Higgsfield AI стартапының жетістігін жоғары бағалады
Мемлекет басшысы қазақстандық IT-кәсіпкерлер Ерзат Дулат пен Мұрат Әбдірахмановты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Конституциялық комиссия: Қазақстан аумағының тұтастығы туралы норма өзгере ме?
Конституцияға белгілі бір аумақтарға қаржы саласында арнайы құқықтық режим енгізу немесе "жылдам даму қалалары" деп аталатын қалаларды құру мүмкіндігін қарастыратын норманы енгізу ұсынылып жатыр. Бұл туралы Конституциялық комиссияның төртінші отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ата Заңның “Президент” бөлімінің ережелері қайта қаралды
Конституциялық комиссия мүшелері Ата Заңның негізгі бөлімдеріне түзетулерді дайындау бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Атап айтқанда, ел Парламентінің өкілеттіктері мен рәсімдеріне айтарлықтай ревизия жүргізілді. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов комиссияның төртінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі
Конституциялық комиссияның төртінші отырысында қаралған Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасының таныстырылымында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституцияда неке мен отбасы құндылықтарын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау міндеттемелері күшейтілетінін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Qazaqstan NEXT 2026: Сарапшы Қазақстандағы мұнай-химия саласының келешегіне баға берді
Атом энергетикасы – шешімдердің бірі әрі экономикалық өсімге түрткі болатын әлеуетті катализатор. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Qazaqstan NEXT 2026 форумында S&P Global Commodity Insights ұйымының өкілі Франческо Ди Сальво мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Конституцияның кіріспесі ұлттық құндылық пен заманауи талапқа сай өзгереді
Конституцияның Преамбуласын толық жаңартып, мемлекет пен діннің өзара ықпалдастығы нормаларын жетілдіру ұсынылады. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияға түзетулердің жиынтық жобасын таныстырған кезде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
77 бап: Конституцияның 84 пайызы өзгереді
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформа комиссиясының мүшелеріне Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда өздігінен жүретін такси қашан іске қосылатыны белгілі болды
Қазақстанда өздігінен жүретін такси қашан іске қосылатыны белгілі болды. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан халықаралық Qazaqstan NEXT 2026 форумында кантри менеджер Арай Бекембаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат мемлекеттік қызметшілерге жеңілдетілген ипотека енгізуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, орта және төменгі буын мемлекеттік қызметшілерге жеңілдетілген ипотеканы енгізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы қымбат сыйлықтар алғаны үшін бас бостандығынан айырылды
Сеулдің Орталық аудандық соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы Ким Гон Хиді 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұрынғы президент Юн Сок Ёльдің жұбайы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Yonhap-қа сілтеме жасап.
-
Қазақстанда The New York Times лицензиясымен алғаш рет журнал жарық көрді
Астанада өтіп жатқан халықаралық Qazaqstan NEXT 2026 форумы аясында Turning Points Qazaqstan 2026 басылымы таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қаржы пирамидасына қатысатындарды түрмеге қамау керек – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржылық алаяқтыққа, әсіресе қаржы пирамидаларына қарсы күресті күшейту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды кафесіндегі газ жарылысы: Екі адам көз жұмды
Кафелердің бірінде газ баллонының жарылысы салдарынан зардап шеккен екі адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда ауа райы өзгереді: Жылымық пен көктайғақ күтіледі
Алдағы үш тәулік ішінде, яғни 29-31 қаңтар аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты елдің көп өңірінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
-
Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сауатсыз, ашкөз, көрсеқызар адам патриот бола алмайды – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Картоп, ет, сүт қымбаттамайды: Кәсіпкерлерге аз пайызбен несие беріледі
«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы («Алматы» ӘКК) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлерге жеңілдетілген несиелер беруді бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Триллиондаған теңге жымқырылуда: Тоқаев алаяқтарға тосқауыл қоюды талап етті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге шығару жағдайлары азаймай тұрғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Тоқаев: Қаржылық мониторинг агенттігіне босаңсуға болмайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сарапшы: Әлемде электр энергиясына сұраныс өседі
Алдағы жылдары әлемде электр энергиясына деген сұраныс тұрақты түрде арта береді. Бұған өнеркәсіп пен коммерциялық сектордың электрленуі, электр көлігінің дамуы, сондай-ақ дата-орталықтардың (data center) санының көбеюі әсер етіп отыр. Бұл туралы Qazaqstan NEXT 2026 форумында Rystad Energy компаниясының вице-президенті Карлос Торрес Диас мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мырзағалиев ЖЭК, ГЭС және атом энергетикасы туралы: Қазақстан генерацияны арттырады
Qazaqstan NEXT 2026 форумы аясындағы панельдік сессияда сөз сөйлеген ҚР Президентінің кеңесшісі Мағзұм Мирзағалиев Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздік, энергияның қолжетімділігі және декарбонизация арасындағы тепе-теңдікті табуға қатысты негізгі ұстанымдарын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ЖИ еңбек нарығын қайта форматтайды: Әлемде жұмыс орындарының 15%-ы қысқаруы мүмкін
Жасанды интеллекттің (ЖИ) қарқынды дамуы әлемдік еңбек нарығына түбегейлі өзгерістер әкелуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бектенов инвестициялық жобалардың іске аспауына байланысты әкімдіктер мен Kazakh Invest-ті сынға алды
Олжас Бектенов шетелдік инвестициялар тарту мәселесі бойынша кеңес өткізді. Инвесторлар құқықтарын қорғауды күшейту және квазимемлекеттік секторға «прокурорлық сүзгіні» кеңейту бойынша Үкіметте инвестиция тартудың жаңа тәсілдері қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жақыпов: Turning Points Qazaqstan – сырттан таңылған пікір емес, іштен пісіп-жетілген ой ұсынады. LIVE
Kazmedia Holding компаниясының құрылтайшысы әрі директоры Еркін Жақыпов BAQ.KZ тілшісіне тікелей эфирде сұхбат берді.
-
Ақтөбедегі жанармай құю бекетінде өрт шықты
Ақтөбе қаласындағы жанармай құю бекеттерінің бірінің аумағында «ГАЗель» автокөлігі өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бірнеше сарбаз қаза болғаннан кейін командирлер қызметінен босатылды – Қорғаныс министрлігі
ҚР Қорғаныс министрлігі жыл басынан бері әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты шұғыл шаралар қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жер қойнауына бөлінген 240 млрд теңге қалай игерілмек? – Министрлік жауап берді
Қазақстанда жер қойнауын зерттеуге 240 млрд теңге инвестиция салынады. Бұл туралы 14 қаңтарда Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. Геологиялық зерттеуге бөлінген қаражат қанша жылда игеріледі, 240 млрд теңге есебінен қандай жұмыстар жүргізілмек, нақты жоспар бар ма? Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі BAQ.KZ редакциясының ресми сауалына жауап берді.
-
Қазақстан бойынша барлық арнаулы ХҚКО-лардың жұмысы уақытша тоқтады
Қазақстанның арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтарында (арнаулы ХҚКО) техникалық ақаулар тіркеліп, соның салдарынан кейбір мемлекеттік қызметтер уақытша қолжетімсіз болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Энергетика министрі КТК жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжіліс кулуарында Каспий құбыр консорциумы (КТК) жұмысына қатысты пікір білдірді. Министрдің айтуынша, КТК бүгінде штаттық режимде жұмыс істеп, жобалық қуатта қызмет атқарып тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Супермаркеттегі "құпия" орын: Павлодар тұрғыны заттарды сақтау ұяшығында есірткі жасырған
Павлодар қаласында есірткі таратумен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Qazaqstan NEXT 2026: Отандық брендтердің жаһандық нарыққа шығу әлеуеті талқыланды
Елордада өтіп жатқан Qazaqstan NEXT 2026 форумында Қазақстандағы жергілікті брендтердің дамуы және олардың халықаралық нарыққа шығу әлеуеті талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте тәрбиеші балаларды шприцпен қорқытып, қол көтерген
Шымкент Білім басқармасы қала балабақшаларының бірінде осындай оқиға болғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Анасының туған күнін тойлаған ер адам қамауға алынды
Анасының туған күнін тойлаған ер адам қамауға алынды
-
Майкл Гринспон: Идеялар қағазда қалмай, әрекетке айналуы керек
New York Times Licensing-нің жаһандық лицензиялау және баспа инновациялары бөлімінің басшысы Майкл Гринспон Қазақстанмен әріпстестікті жоғары бағалайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркі елдерімен келісім: Апат болса, кім жауап береді?
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерболат Сатыбалды Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы Кеген Тұрсынбаевқа азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісім аясында адам өліміне, материалдық шығындарға және қызметкерлер қателіктеріне кім жауапты болатынын сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда студенттердің стипендиясын көтеру ұсынылды
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Премьер-министр Олжас Бектеновке агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін аграрлық және ветеринарлық мамандықтарға арналған мемлекеттік гранттар мен студенттердің шәкіртақыларын арттыру қажеттігін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркі елдері енді апаттарға бірлесіп қарсы тұрады
Мәжіліс 2024 жылғы 6 қарашада Бішкекте қойылған Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Министр депутатты электр энергиясы тарифтерінің өспейтініне сендірді
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бауыржан Смағұлов Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовке ірі энергетикалық жобалардағы тарифтердің шетел валютасында номинациялануына байланысты тұтынушыларға түсетін жүктеменің арту қаупі жөнінде сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Джефф Эрлих: Қазақстан жаңа идеяларды қабылдайды
Қазақстандағы АҚШ сауда палатасының (AmCham Kazakhstan) атқарушы директоры Джефф Эрлих Астанада өткен Qazaqstan NEXT 2026 форумы ашылуында сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат баспана мәселесін жедел шешу үшін екі ұсыныс жасады
Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдап, тұрғын үймен қамтамасыз ету саласында қордаланған бірқатар проблеманы көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жылы әлемдік энергетика қай бағытқа бет алды?
Қазақстанды дәстүрлі көмірсутек секторынан бастап, жаңартылатын энергия көздері мен жаңа технологияларға дейінгі әртүрлі энергетика бағыттарында не күтіп тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы Президент кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев елордада өтіп жатқан жаһандық трендтерге арналған Qazaqstan NEXT 2026 форумында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Қытай ірі “жасыл” жобаларды бірлесіп іске асырады
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы ірі келісім туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елордада жаһандық трендтерге арналған форум өтіп жатыр
Астанада алғаш рет The New York Times лицензиясы аясында жаһандық трендтерге арналған Qazaqstan NEXT 2026 форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірнеше заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«7-20-25» бағдарламасы: Алаяқ Instagram арқылы 25 адамға «баспана әперемін» деп алдап соқты
Астанада ипотекалық делдал ретінде Instagram арқылы 25 адамды алдаған алаяқ сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Үндістан мен Еуропаның тарихи келісімі, Израиль Палестина мемлекетіне қарсы
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
−30°C дейін аяз, қар: 28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қатты аяз сақталады, ал оңтүстікте жауын-шашын күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ғалымдар қартайғанда немере бағудың пайдасы зор екенін дәлелдеді
Қартайған шақта немерелермен тұрақты қарым-қатынас жасау денсаулықты сақтауға және ақыл-ой сергектігін ұзақ уақыт ұстап тұруға көмектеседі. Ғалымдар немере бағудың қарт адамдар үшін пайдасы зор екенін ғылыми зерттеу арқылы дәлелдеді.
-
Australian Open: Рыбакина сенсация жасап, жартылай финалға шықты
Қазақстандық теннисші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінде сенсация жасап, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін еліміздің 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 28 қаңтарда Астана, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекеттік сатып алу реформасы: отандық өндірушілермен келісімшарттар 23%-ға өсті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау аясында 2025 жылдан бастап жаңа заң күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Мас күйінде көлік жүргізген: Екібастұзда шенеунік жұмыстан шығарылады
Екібастұз қаласының мемлекеттік қызметшісі Айдын Қояғанов 2025 жылдың желтоқсанында мас күйінде көлік басқарған. Полиция оны өз үйінің ауласында тоқтатып, орташа дәрежеде мас болғанын анықтаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
-
Испания елде заңсыз тұрып жатқан 500 мың иммигрантты заңдастырады
Испания үкіметі ел аумағында заңсыз тұрып жатқан иммигранттарға уақытша заңды мәртебе беру бағдарламасын іске қосты. Интеграция, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрі Эльма Саистің мәлімдеуінше, бұл шара 500 мың адамға дейін қамтуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
-
Ақтөбе облысында жедел жәрдем көлігі қарға батып қалды
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында қолайсыз ауа райы салдарынан Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сирек металдар: Жаңа кен орындары қай өңірде ашылатыны айтылды
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстанның қай өңірінде жаңа кен орындары ашылуы мүмкін екенін айтты. Бұл жайында министрлік BAQ.KZ редакциясының ресми сауалына жауап берді.
-
Нетаньяху: Израиль Газада Палестина мемлекетінің құрылуына жол бермейді
Израиль Газа секторында Палестина мемлекетін құруға мүмкіндік бермейді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Астанада балалар травматологиялық пункті ашылады
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында Астанада көптен күткен балалар травматологиялық пунктін ашуға дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп Оңтүстік Кореядан импортқа тарифті 25%-ға дейін көтерді
АҚШ Президенті Дональд Трамп Оңтүстік Кореядан импортталатын кейбір тауарларға, соның ішінде автомобильдер, ағаш және фармацевтика өнімдеріне тарифтерді 25%-ға дейін көтеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
БҰҰ ядролық державаларды қарусыздануға қайта оралуға шақырды
БҰҰ-ға мүше елдер, әсіресе ядролық державалар, ядролық қарусыздануға және халықаралық шиеленісті азайтуға қайта оралуы керек. Бұл туралы ұйым басшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Температура 50 °C-қа жетті: Австралияда рекордтық аптап ыстық тіркелді
Австралияның кейбір аудандарында сейсенбіде рекордтық аптап ыстық тіркелді: температура шамамен 50 °C-қа жетті. Ел ұзақ жылу толқынынан зардап шегіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ АР агенттігіне сілтеме жасап.
-
Ирландияда "Чандра" дауылы су тасқынына себеп болды
Ирландияны Қатты жауын мен жел әкелген «Чандра» дауылы бірнеше аймақта су тасқынына себеп болды. Дублиндегі Төтенше жағдайлар қызметі су басқан жолдарда автокөліктерді құтқарып, зардап шеккендерге көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Руанда Ұлыбританияны мигранттар келісімін бұзды деп сотқа берді
Руанда Үкіметі Ұлыбританияны мигранттар жөніндегі екіжақты келісімді орындамағаны үшін Нидерландыдағы Аралық соттың Тұрақты палатасына (PCA) шағым түсірді. Кигали Лондонды келісім бойынша тиесілі деп санайтын өтемақыны төлеуден бас тартты деп айыптап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Үндістан мен Еуропалық одақ тарихи сауда келісіміне қол жеткізді
Үндістан мен Еуропалық одақ (ЕО) екіжақты сауданы кеңейтуге бағытталған ауқымды келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Наверх