Все новости за 24 қаңтар 2026
-
-
Теннисші Әмір Омарханов Испаниядағы турнирде чемпион атанды
Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов жұптық сында Манакор (Испания) ITF M15 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Республикалық 6 тасжолда дизельмен жүретін көліктердің қозғалысы шектелді
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, Ақмола облысында ауа температурасының минус 30 градусқа дейін төмендеуіне байланысты сағат 21:00-ден бастап дизельді және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жексенбіде 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 25 қаңтарда Алматы, Шымкент және Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Индонезиядағы көшкін салдары: 7 адам қаза тауып, 80-нен астам адам із-түзсіз жоқ
Индонезияда болған көшкін салдарынан 7 адам қаза тауып, 80-нен астам адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оралда жұмысшыны станок қысып қалды
Орал қаласындағы ЖШС-тердің біріне қарасты шұжық цехының аумағында қайғылы жағдай болды. 40 жастағы жұмысшы өндірістік станоктың арасында қысылып қалып, алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қар, жаяу бұрқасын". Ел бойынша 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылдың 25 қаңтарына арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абу-Дабиде Украина бойынша екі күндік консультациялар аяқталды
Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ арасындағы үшжақты консультациялардың екінші күні аяқталды. Алайда тараптар ресми мәлімдеме жасаған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Газа секторында суықтан 10 сәби шетінеп кетті
Қыс маусымы басталғалы бері Израиль жанармай мен гуманитарлық көмектің жеткізілуіне кедергі келтіріп отырған Газа секторында суықтан 10 бала көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ирандағы наразылықтан қаза тапқандар саны 5 мыңнан асты
Иранда экономикалық қиындықтарға байланысты басталған наразылық акциялары салдарынан қаза тапқандар саны 5137 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
-
Алматыда ескі ғимараттың орнына жаңа перзентхана салынады
Алматыда №1 қалалық перзентхананың жаңа ғимаратының құрылысы басталды. 1938 жылы салынған бұрынғы ғимарат толықтай сүрілді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Елордада үш жаңа автобус бағдары іске қосылады
25 қаңтардан бастап Астанада қоғамдық көліктің үш жаңа экспресс-бағдары — №506, 507 және 508 қатынай бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ CTS-ке сілтеме жасап.
-
Индонезияда көшкін салдарынан жеті адам қаза тапты
Индонезияда болған көшкін салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы 82 адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Таза Қазақстан": Атырау облысында 13,4 мың ағаш отырғызылды
Атырау облысы Исатай ауданында экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында 13,4 мың түп ағаш отырғызылып, құм көшкінінің алдын алу мақсатында 16 мың түп сексеуіл егілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда саяси партияларды шетелдік қаржыландыруға тыйым салу ұсынылды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында комиссия мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов алдағы реформалардың негізгі басымдықтарына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат: Шығармашылық еркіндік – болашаққа салынған инвестиция
Қоғамды кемел оймен, жүйелі сөзбен, еркін пікірмен дамытудың маңызы зор. Елдің ғылымы мен мәдениеті, инновациясы мен рухани қуаты – ой еркіндігі бар ортада ғана қалыптасады. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов осындай ұсынысын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатында үздік ондыққа енді
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Интернеттегі алаяқтыққа қарсы конституциялық кепілдік керек – Асанов
ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында жеке деректерді қорғау мәселесіне ерекше тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясының бас хатшысын құттықтады
Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аustralian Open-2026: Елена Рыбакина ширек финалға өтті
Аустралия ашық біріншілігіндегі (теннис) жетінші ойын күні Қазақстан өкілдері үшін сәтті өтті. Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина кезекті жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"10 жылға дейін түрме": Бас прокуратура жаңа заң туралы ескертті
Бас прокуратура некеге мәжбүрлеу мен адам ұрлаудың заңмен тыйым салынған қылмыс екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ластаев Конституцияда адам құқықтарын күшейтуді ұсынды
Елордада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев негізгі заңда адам өмірінің абсолютті құндылығын, сондай-ақ оның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын нақты бекіту қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
XXV қысқы Олимпия ойындарына қанша спортшы қатысады?
Санаулы күндерден кейін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпия ойындары басталады. Төрт жылдықтың басты додасына әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Белгілі заңгер Қазақстанда дінді саясиландыру қатерін жоюды ұсынды
Қазақстан заңгерлері одағы дінді мемлекеттен Конституцияда бөліп көрсетуге ұсыныс білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Германиядағы Әлем кубогін жеңіліспен аяқтады
Қазіргі таңда Инцелль (Германия) қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогінің шешуші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұнай соғысы басталды ма? АҚШ Иран экспортына кедергі жасап жатыр
АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларды күшейтуі әлем назарын тағы да Таяу Шығысқа бұрды. Бірақ Вашингтонның бұл қадамы уақытша реакциядан гөрі ұзақ жылдардан бері жалғасып келе жатқан саясаттың жалғасы секілді. Тақырыпты BAQ.KZ тілшісі зерделеп көрді.
-
"Жағдай қиын": Киев мэрі тұрғындарға шұғыл мәлімдеме жасады
Украина астанасы Киев қаласының мэрі Виталий Кличко тұрғындарды жағдайдың күрделі екенін айтып, мүмкіндігі барларды қаладан уақытша шығып кетуге, ал қалғандарын азық-түлік, су және дәрі-дәрмекті алдын ала әзірлеп қоюға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
-
Конституция преамбуласын жаңарту тек редакциялық түзету емес – Үнзила Шапақ
Елордада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Конституциялық реформаның аясында Ата Заңның преамбуласын жаңғырту, оның мазмұнын заман талабына сай қайта өзектендіру мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Халық кеңесі халықтың мүдделерін білдіретін жоғары консультативтік орган болады
Халық кеңесі халықтың мүдделерін білдіретін жоғары консультативтік орган болады. Бұл туралы Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев елордада өтіп жатқан комиссияның алғашқы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ержан Жиенбаев Вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістерге тоқталды
Вице-президентті жалпы депутаттар санының көпшілік дауысымен білдірілген Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайды. Бұл туралы Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев елордада өтіп жатқан комиссияның алғашқы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарин: Парламент Құрылтай аталып, заң жобалары үш оқылыммен қабылданады
Мемлекеттік кеңесші - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин елордада өтіп жатқан комиссияның алғашқы отырысына қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Конституциялық реформа: Азаматтар мен қоғам белсенділерінен 600-ден астам ұсыныс түскен
Мемлекеттік кеңесші - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин елордада өтіп жатқан комиссияның алғашқы отырысында конституциялық реформаға қатысты қанша ұсыныс келіп түскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ерлан Қарин Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының атқарған ісіне тоқталды
Мемлекеттік кеңесші - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның құрылуын тарихи оқиға деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Конституциялық комиссияның алдында айрықша миссия тұр - Әзімова
Елордада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында комиссия жетекшісі Эльвира Әзімова Конституциялық реформа қоғамның барлық саласында кең талқылауға ие болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Эльвира Азимова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттерін атады
Елордада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында комиссия жетекшісі Эльвира Әзімова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттерін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысы өтіп жатыр
Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандық спортшы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатында топ жарды
Мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында ерлер арасындағы жекелей сайыс басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰОК-ке сілтеме жасап.
-
Амстердам орталығы қауіпті аймақ деп жарияланды
Амстердам билігі Сириядағы жағдайға байланысты өтуі мүмкін наразылық акциялары қаупіне орай Орталық вокзал маңы мен Дам алаңы айналасындағы аудандарды "қауіптілігі жоғары аймақ" ретінде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ NL Times порталына сілтеме жасап.
-
Ақтөбеде 155 рұқсат етілмеген қоқыс полигоны жойылды
2025 жылы жүргізілген ғарыштық мониторинг нәтижесінде Ақтөбе облысының аумағында 155 рұқсат етілмеген қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда шұғыл медициналық көмек қарқынды дамып келеді
Елімізде шұғыл медициналық көмек қарқынды дамып келеді. Елордадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы саладағы жетістіктер мен былтыратқарған жұмыстары, сондай-ақ халыққа көрсетілетін медициналық қызметтері туралы орталықтың басқарма төрағасы Әділбеков Ержан Боранбайұлы BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында баяндап берді.
-
Қазақстанның СПЕКА елдеріне экспорты 15%-ға артты
Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев БҰҰ Орталық Азия экономикасына арналған Арнайы бағдарламасы (СПЕКА) экономикалық форумының ашылуына, сондай-ақ 2026 жылғы 20-23 қаңтар аралығында Ашхабад қаласында (Түркіменстан) өткен СПЕКА Басқарушы кеңесінің 20-сессиясының жұмысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Пәкістанда жарылыс болып, 5 адам қаза тапты
Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясына қарасты Дера-Исмаил-Хан округінде болған жарылыс салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, тағы он шақтысы жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ The Express Tribune басылымына сілтеме жасап.
-
3 жылдан аса Барселонада жасырынған күдікті Қазақстанға қайтарылды
Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасауда күдікке ілінген тұлға Испаниядан экстрадицияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Парламент – елдің кадрлық корпусы болуы керек - қырғыз сарапшысы
Қазақстан Президенті биліктің барлық дерлік тармақтарын қамтитын ауқымды конституциялық реформалар жариялады. Ең негізгі өзгерістердің бірі – жаңартылған бір палаталы парламент құру. Ол мемлекеттік саясатты айқындайтын дербес орталыққа айналуға тиіс. Осы өзгерістердің мәнін ашып, олардың мемлекеттік билік жүйесіне ықпалын түсіндіру үшін BAQ.KZ тілшісі тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қырғызстан Жогорку Кенешінің бұрынғы спикері Зайнидин Курмановпен сұхбаттасты.
-
Қазақстан мен Моңғолия тауар айналымын $500 млн-ға арттырады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Хассуурийн Ганхуягпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
24 қаңтарға арналған валюта бағамы
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бойынша орташа өлшенген бағамдары жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркияда қуатты жер сілкінісі болды
Түркияның Балыкесир провинциясында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 334 бала дүниеге келді
2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысына «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 174 квота бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 64 квотаға артық. Бағдарлама іске асырылған төрт жыл ішінде өңірде 334 сәби өмірге келді, оның 32-сі – егіз, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа ластанады
Бүгін, 24 қаңтарда Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістанда 8 айлық сәбидің ішінен ине табылды
Түркістан қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне қызылшаға күдікпен 8 айлық сәби жеткізілді. Дәріерлер сәбидің ішінен ине тапқан. Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Пентагон: АҚШ Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейді
АҚШ Иранның ядролық қару алуына жол бермейді. Бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық қорғаныс стратегиясының жаңартылған нұсқасында айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
TikTok АҚШ-та жаңа келісімге қол жеткізді
TikTok АҚШ-та тыйым салынбау үшін америкалық бақылауда болатын жаңа бірлескен кәсіпорын құруға келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Астана тарихы туристерге жаңа форматта ұсынылады
Астана қаласының мемлекеттік архивінде «Астана Гидтар клубы» мен «AOMI Travel» турагенттігінің өкілдерінің қатысуымен мазмұнды әрі тағылымды кездесу кеші өтті. Кездесу елорда тарихын кәсіби гидтер арқылы кеңінен танытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Германияда медбике 100 науқастың өліміне қатысы бар деген күдікке ілінді
Германияда медбике 10 науқасты өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылғаннан кейін, оның 100 науқастың өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінді. Бұл туралы People таблоиды жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұстаздың беделі – ұрпаққа үлгі: Заң және қоғам рөлі
Қазақстанда ұстаз мәртебесі мен беделі мәселесі қоғамның күн тәртібінен түспей келеді. Дәстүрлі түрде ұстаз – елдің абыройы деп саналса да, соңғы жылдары мұғалімдердің күнделікті тәжірибесінде олардың беделіне жасалатын қысым жиілеп кеткені байқалады.
-
Трамптың сөздері НАТО одақтастарының наразылығын тудырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда НАТО одақтастарының АҚШ-қа қажет сәтте көмектесетініне күмән келтірді. Ол Альянс әскерлері Ауғанстандағы майдан шебінен «сәл алыстап кетті» деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN-ге сілтеме жасап.
-
АҚШ "өте қауіпті" қысқы дауылға дайындалып жатыр
АҚШ-тың Ұлттық ауа райы қызметі (NWS) елдің 160 миллионнан астам тұрғыны қатты қар мен нөлден төмен температура әкелетін ерекше қауіпті қысқы дауылға тап болатынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
FlyArystan Грузияға рейстерін уақытша тоқтатады
FlyArystan әуекомпаниясы Астана – Кутаиси бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ресей мен Украина аумақтық мәселе бойынша келіссөз жүргізуде
Украина мен Ресей өкілдері Абу-Дабиде өмірлік маңызды аумақтық мәселе бойынша алғашқы үшжақты келіссөз жүргізді. Сенбіде талқылаулар жалғасады деп жоспарлануда. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх