Все новости за 23 желтоқсан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Сарыағаштың бас шыршасын қиратқан жүргізуші ұсталды
Түркістан облысында көлігімен шыршаны құлатып кеткен жүргізуші ақыры қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
24 желтоқсанға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 11%-ға артты
Жетісу облысында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі аграрлық сала мамандарын марапаттап, облыстың үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жаңа тракторлар табыс етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысында жол жабылды
"ҚазАвтоЖол" екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы-Өскемен жолында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші қаза тапты
Бүгін шамамен таңғы сағат 08:20-да Алматы-Өскемен автожолының 681-шақырымында Yutong маркалы автобус пен КамАЗ-5320 жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ертең елдің басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады – Қазгидромет
Ел аумағының басым бөлігінде 2025 жылғы 24 желтоқсан, сәрсенбіде солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалы сақталатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматылық келіншек автобустан құлап, омыртқасын сындырды
Алматыда жолаушы автобусынан түскен кезде омыртқасын сындырып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп Тоқаевтың G20 саммитіне қатысатынын мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқпевпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады, деп жазады BAQ.KZ. Тиісті мәлімдемені америкалық көшбасшы Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оңтүстік Кореяның алғашқы коммерциялық орбиталық зымыраны апатқа ұшырады
Оңтүстік Кореяның Бразилияда ұшырған алғашқы коммерциялық орбиталық зымыраны ұшырылған уақыттан 30 секунд өткенде апатқа ұшырады. Hanbit-Nano зымыранын ұшыру кезінде ақау шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық оқушылар 2025 жылы халықаралық олимпиадаларда 922 медаль жеңіп алды
2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық 1657 оқушы 36 халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми байқауларға қатысып, 922 медаль жеңіп алды. Қатысушылардың 60 пайызы жүлделі орын иеленіп, әрбір екінші оқушы халықаралық жарыстардан жүлдемен оралды. Жалпы нәтиже бойынша 177 алтын, 329 күміс және 416 қола медаль биылғы жылдың жеңіс қоржынын толықтырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті. Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібі мен халықаралық ахуал, соның ішінде Украина проблематикасы жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жас мамандардың басым бөлігі ауыл медицинасында қызмет етуде
2025 жылы медициналық жоғары оқу орындарының 10,5 мың түлегінің 34%-ы ауылдық медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасуға жіберілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астана вокзалында шетелдік азаматқа пышақпен шабуыл жасалды
Астанада полиция қызметкерлері теміржол вокзалы аумағында шетелдік азаматқа пышақпен шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ардагер энергетик: Бұл салада жартылай жұмыс істеуге болмайды
Энергетика саласы – жауапкершілігі ауыр, тәртібі қатал, адам өмірімен тікелей байланысты мамандық. Бұл салада ондаған жыл бойы табандылықпен еңбек етіп келе жатқан жандар аз емес. Солардың бірі – қалалық электр желілерінде 46 жыл үздіксіз қызмет атқарған ардагер энергетик Адахманова Дәметкен Құлтасқызы. BAQ.KZ тілшісіне энергетиктер әулетінің өкілі ретінде бір салаға адалдықтың, кәсіпке беріктіктің нағыз үлгісін көрсеткен маманмен сұхбаттасудың сәті түсті.
-
Ел өңірлерінде мемлекеттік жобалар мен жетістіктер LED-экрандарда көрсетіле бастады
Ел өңірлерінің жылдық есебі визуалды форматта ұсынылып, негізгі көрсеткіштер LED-экрандар мен сыртқы жарнама алаңдарында көрсетіле бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ
Маңғыстау облысында инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып, аса өзекті мәселелердің бірі – ауыз су тапшылығы шешілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бектенов инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша шетелдік инвесторлармен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер шеңберінде инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізді. Атап айтқанда, «Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы Ерлан Досымбековпен, Alstom Kazakhstan басқарушы директоры Жером Бойемен және Polpharma Santo («Химфарм» АҚ) бас директоры Адам Алексеюкпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Рустам Қарағойшинге инвестициялық жобаларды іске асыруды тапсырды
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
"Көлігі қарға көмілген": Қарағанды облысында мал іздеуге шыққан ер адамның денесі табылды
Қарағанды облысында 18 желтоқсан күні жоғалып кеткен ер адамды іздеу жұмыстары аяқталды. Мал іздеуге шыққан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Джеки Чан ойнайтын фильм Маңғыстауда түсіріледі
Әлемге әйгілі киножұлдыз Джеки Чан ойнайтын жаңа фильмнің негізгі түсірілім орны ретінде Маңғыстау облысы таңдалуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент қызметкерлерге пәтер кілтін табыстады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Көлік-логистика бөлімінің басшысы тағайындалды
Көлік-логистика бөлімінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Түнде жүргендер мен балағат сөз айтқандар айыппұл төлейді: 2026 жылы кім қанша төлейді?
Елімізде 2026 жылы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК 4 325 теңге болады. Яғни бұл АЕК-пен есептелетін кез келген төлем, оның ішінде айыппұл, әлеуметтік төлемдер және т.б. көлемі де артады дегенді білдіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қошқар-Ата қалдық қоймасы: Мердігермен соттасу жүріп жатыр – әкім
Маңғыстау облысының басты экологиялық мәселесі – «Қошқар- Ата» қалдық қоймасы. Бұл -кеңес дәуірінде өндіріс қарқынды дамыған шақта химия және металлургия салаларынан шыққан қалдықтар жиналған орын. Қалдық қоймасы Ақтауға тым жақын орналасқан. Тұрғындар жел тұрған күндері құрамында радиоактивті элементтер бар шаң ауаға көтерілуі мүмкін екеніне алаңдаулы. Осы мәселеде өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай қандай шаралар жүргізіліп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
«Kinder» өнімі қауіпті ме? – Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді
Әлеуметтік желілерде «Kinder» өнімінде қауіпті заттар бар деген ақпарат таралуда. Осыған қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Латын Америкасындағы шиеленіс: Геосаяси тепе-теңдікке жаңа қауіп төнді
Мұхиттың арғы жағындағы соңғы оқиғалар Латын Америкасындағы геосаяси тепе-теңдік пен аймақтық қауіпсіздікке қатысты сұрақтарды қайта күн тәртібіне шығарды. АҚШ-тың жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, Венесуэла төңірегіндегі шиеленіс және халықаралық ұйымдар аясындағы текетірестер аймақтағы күштер балансының қайта қалыптасып жатқанын аңғартады. Халықаралық қатынастар бойынша сарапшылар бұл үдерістерді жекелеген эпизод емес, ұзақмерзімді геосаяси трендтің көрінісі ретінде бағалап отыр.
-
Арқалық пен Астананың арасы 354 шақырымға қысқарады
Қостанай облысында "Орталық – Батыс" бағыты бойынша өтетін стратегиялық маңызы бар көлік дәлізінің құрылысы ресми түрде басталды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қаңғыбас иттермен күрес – әкім өңірдегі шаралар туралы айтты
Соңғы уақытта тұрғындар Маңғыстауда қаңғыбас иттердің көп екендігіне айтылатын шағым көп. Осы тұрғыда өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай қандай шаралар жүргізіліп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2025 жылғы Қазақстан: Жыл адамынан - жылдың маңызды оқиғасына дейін
2025 жыл Қазақстан үшін саяси жүйенің орнығуы, мемлекеттік басқарудың жауапкершілігі және сыртқы саясаттағы прагматизм күшейген кезең ретінде есте қалды. Жыл бойында қабылданған шешімдер мен орын алған оқиғалар елдің орта және ұзақ мерзімді даму бағытын айқындады. BAQ.KZ тілшісі жылдың саяси қорытындысын арнайы номинациялар арқылы қорытындылап көрді.
-
Маңғыстауда қоғамдық көлік мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Биыл Маңғыстауда автобустардың 90%-ы жаңартылды. Келесі жылы 70-ге жуық автобус жаңартылса, бұл мәселені толық жабылады. Осы тұрғыда өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай қандай шаралар жүргізіліп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске асуда
Ақтауда Каспий теңізінде теңіз албыртын өсіруге бағытталған ауқымды жоба жүзеге асуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Торғай өңірін дамытуға 165,5 млрд теңге бөлінеді
Мемлекет басшысының Жолдауынан кейін Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына басымдық берілді. Үкімет алдағы үш жылда Арқалық қаласы мен екі ауданға бағытталған 165,5 млрд теңгелік кешенді жоспарды іске асырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Маңғыстау облысы шетелдік туристерді қабылдау бойынша үздік үштікке кірді
2025 жылдың 9 айында Маңғыстау өңіріне 350 мыңнан астам турист келіп, 17,2 млрд теңгеге жуық қызмет көрсетілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға артқан. Шетелдік туристерді қабылдау бойынша Маңғыстау республикада 3-орынға тұрақтады. Бұл туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті
Бүгін Алматының Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақ өнерінің абызы, аңызға айналған актер Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қостанайда медицина саласының басшылары ұсталды
Қостанай облысында миллиардтаған қаражатты жымқыру фактілері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Неліктен шенеуніктердің декларациясы әлі жарияланған жоқ? – Министр жауап берді
Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік қызметшілердің декларациялары не себепті әлі күнге дейін ашық қолжетімділікке жарияланбағанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев қала активіне және қалалық мәслихат депутаттарына Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған Мұқаш Мақсат Асқарұлын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Электрондық қаржы орталығында 566 млн теңгеге бұзушылық анықталды
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ қызметіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бектенов: Салықшылар бизнесті жазаламай, керісінше қателеспеуге көмектесуі керек
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов салық органдары бизнесті қолдау мен сүйемелдеуге баса назар аудара отырып, жаңа модель аясында кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл жасайтынын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекеттік органдарға жаңа көлік пен кресло алуға тыйым сақтала ма?
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифингте мемлекеттік органдар қызметкерлеріне арналған жаңа автокөліктер мен кеңсе креслоларын сатып алуға мораторий енгізу мүмкіндігі жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жұманғарин: Мені салық реформасының "әкесі" деуге болады
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистердің ауқымды салық-бюджет реформасына қатысты тәуекелдер туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Зауыт, жұмыс, 5% ипотека: Қостанайда жастарға қандай жағдай жасалған?
Қостанай облысында барлық өнеркәсіптік жобалар ең алдымен жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шоколад "деликатеске" айналды: Қазақстандықтар тәттіні аз тұтынуда
Қазақстанда шоколад пен тәттілерді тұтыну көрсеткіші төмендеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қостанай облысындағы ірі жобалар: Жұмыс орындары мен өндіріс көлемі артты
Астана қаласында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың 2025 жылдың қорытындысына арналған брифингі өтті. Өңір басшысы облыстың негізгі жетістіктерін қорытындылап, ауқымды жобалардың іске асырылуы мен алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға өседі
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифингте 2026 жылы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өсетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жұманғарин сиыр етінің бағасы жайында: "Болжам жасағым келмейді"
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифингте сиыр етін экспорттауға енгізілген шектеулердің Қазақстандағы ет бағасының арзандауына ықпалына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Газ тапшылығы жұмыс қарқынын тежеп отыр – Қостанай облысының әкімі
Қостанай облысында газдандыру жобаларын іске асыру жалғасып жатыр, алайда инфрақұрылымды кеңейту газ көлемінің шектеулілігіне байланысты тежеліп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
70 жылдық тәуелділік тоқтады: Қостанайда темір рудасы терең өңделмек
Қостанай облысында темір руданы терең өңдеуге бағытталған ірі индустриялық жоба іске асады. Рудный қаласында салынатын зауыт өңір экономикасын әртараптандырып, экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Кімнің мобильді аударымы бақылауға алынатыны белгілі болды
2026 жылдың басынан бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдарына арналған салық бақылауының жаңа ережелері күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жұманғарин: ҚҚС енгізілсе де, баспана қымбаттамайды
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифингте келесі жылы ҚҚС енгізілуіне байланысты тұрғын үй бағасының қымбаттауы күтілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шағын және орта бизнеске 11 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды
"Даму" қорының базасында екі кепілдік қоры құрылды: бірі – шағын және орта бизнеске, екіншісі – ірі инвестициялық жобаларға арналған. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада дрифт жасаған 26 жүргізуші жауапқа тартылды
Жолда дрифт жасаған 26 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа жылдан бастап "Халық бухгалтері" акциясы басталады
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап "Халық бухгалтері" акциясы басталады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Енді шағын кәсіпкерлер тоқсан сайын салық төлеуден босатылады
Қаржы министрі Мәди Такиев 2026 жылы салық есебі жүзеге асырылатыны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық құрылтай-2025: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр?
Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының негізгі басымдықтарын айқындап, Үкімет пен мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма жүктеген болатын. Араға уақыт салып, сол міндеттердің бір бөлігі бойынша нақты шешімдер қабылданып, іске асырыла бастады. BAQ.KZ тілшісі Құрылтайда көтерілген мәселелерге шолу жасады.
-
Алматыда қарашада жоғалып кеткен ер адам өлі табылды
Алматыда 28 қарашада жоғалып кеткен ер адам өлі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бектенов: Енді әкімдер кәсіпкердің табысына тікелей мүдделі болады
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында елдегі кәсіпкерлікті қолдау мәселесі туралы айтып, бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан салықтық әкімшілендірудің сервистік моделіне көшеді
Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында салықтық әкімшілендіруді сервистік модельге көшіру туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Іскер аймақ" бағдарламасы қалай жұмыс істейді?
Қазіргі кезеңде ауылдағы кәсіпкерлікті ілгерілетуге, соның ішінде жергілікті шикізат пен мүмкіндіктерге сүйене отырып, өңдеу бағыттарын, қолөнерді және шағын өндіріс ошақтарын дамытуға басымдық беріліп отыр. Осы мақсатта "Ауыл аманаты", "Бір ауыл – бір өнім" секілді бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жобаларын да қамтитын бұл бастамалар "Іскер аймақ" бірыңғай бағдарламасы аясында қосымша қолдауға ие бола алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа фискалдық саясат: Бюджет кірісі 4 трлн теңгеге артады
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында жаңа салық-бюджет саясаты туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZтілшісі.
-
Үкімет шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын ұсынды
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында елдегі шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасымен таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандық өнерпаздардың 2025 жылғы жарқын жетістіктері
2025 жыл өнер саласы үшін әлемдік деңгейдегі айтулы оқиғамен басталды. Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында жеке концерт берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан - 2025: Жолдар, тұрғын үй және әлеуметтік саладағы нақты көрсеткіштер
2025 жылы Қазақстанда көлік инфрақұрылымы кеңейіп, тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік нысандар саны артты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Көлік салығы: Кім, қанша төлейді?
Қазақстанда көлік салығы – жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі көлік құралдары үшін жыл сайын төленетін міндетті салық түрі. Бұл салықтың мөлшері көлік құралының түріне, қозғалтқыш көлеміне, шығарылған жылына және айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты есептеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дәрігерлер баланың басынан 5 жыл бұрын қадалған бұтақты алып шықты
Павлодарда дәрігерлер баланың басынан бес жыл бұрын кіріп кеткен бұтақты алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Иран әрекеттері Израиль бақылауында, Ресей – Украина келіссөздері, Лаостағы паром апаты
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
-
Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақ үйдің символикалық кілтін сыйға тартты
АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақ үйдің символикалық кілтін сыйға тартты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
-
Жаңаөзенде жалдамалы пәтерден үш баланы көршілері құтқарып қалды
Жаңаөзенде жергілікті екі тұрғын қатты түтін басқан пәтерден үш баланы құтқарып қалды. Оқиға 21 желтоқсан күні шамамен сағат 19:29-да «Самал» шағынауданы, №6 үйде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алтынды бижутерияға ауыстырып, ізін суытқан күдіктілер іздестірілуде
ШҚО полицейлері зергерлік дүкенде алтын сақинаны бижутерияға айырбастап, ізін суытқан күдіктілерді іздестіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркістан облысында әк шығаратын зауыт ашылды
Түркістан облысының Түлкібас ауданында заманауи талаптарға сай әк өндіретін зауыт пайдалануға берілді.
-
Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 23 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде "Мейірімді Қазақстан" акциясы басталды
Қазақстанда "Мейірімді Қазақстан" атты әлеуметтік акция өз жұмысын бастады. Бастама қоғамда өзара қолдау мәдениетін қалыптастыруға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және жастарды игі істерге кеңінен тартуға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
-
Лаоста Меконг өзенінде паром апатқа ұшырады: із-түзсіз жоғалғандар бар
Лаоста Меконг өзенінде туристер мінген жолаушылар паромы аударылып, салдарынан дүрбелең мен абыржу орын алды. Бортта 140-тан астам адам болған, олардың басым бөлігі – шетелдік туристер. Алдын ала мәлімет бойынша, үш адам із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Трамп: Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер қалыпты жүріп жатыр
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздер қалыпты жағдайда өтіп жатқанын мәлімдеді.
-
Солтүстік Қазақстанда жылына 750 мың тонналық жем комбинаты іске қосылады
Солтүстік Қазақстан облысында Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі негізгі агроөндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Жапония әлемдегі ең ірі АЭС-ті қайта іске қосады
Жапония билігі Касивазаки-Карива атом электр станциясының жұмысын қайта бастау туралы шешім қабылдады. Бұл станция Фукусима апатынан кейін он жылдан астам уақыт бойы тоқтап тұрған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN-ге сілтеме жасап.
-
Нетаньяху Иранның әрекеттерін қатаң бақылауда ұстайтынын айтты
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иранның Израильге қарсы кез келген әрекеті қатал жауапқа ұшырайтынын айтты.
-
Оңтүстік Корея жаңа жоғары жылдамдықты пойыз жасап шығарды
Оңтүстік Корея 370 км/сағ жылдамдыққа жететін EMU-370 жоғары жылдамдықты пойызының негізгі технологияларын әзірлеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Yonhap News басылымына сілтеме жасап.
-
Қытай ЕО-дан импортталатын сүт өнімдеріне баж салығын енгізді
Қытай Еуропалық одақтан әкелінетін сүт өнімдеріне уақытша баж салығын 42,7%-ға дейін көтерді. Бұл шара ЕО-ның электромобильдерге салған тарифтеріне жауап ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Tesla есіктеріндегі ақау кемінде 15 адамның өліміне себеп болды
Tesla электромобильдеріндегі есіктерді ашу тетіктерінің істен шығуы кем дегенде 15 адамның қаза табуына әкелуі мүмкін. Бұл туралы Bloomberg агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ заңсыз мигранттарға ерікті депортация үшін 3 мың доллар төлейді
АҚШ әкімшілігі заңсыз мигранттарды елден өз еркімен кетуге ынталандыру мақсатында төлем көлемін 3 мың долларға дейін арттырды. Бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Наверх