Все новости за 12 желтоқсан 2025
-
-
Астанадан бір тәулікте 20 мың текше метр қар шығарылды
Астанада қардың қалың түсуіне байланысты коммуналдық қызмет мамандары күшейтілген, тәулік бойғы режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты станциясындағы бір кафеде газ баллоны жарылып, өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Боран мен көктайғақ: ІІМ жүргізушілерді жолға шықпауға шақырды
Ішкі істер министрлігі еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты жүргізушілерге дауылды ескертулерді ескеріп, сапарға шықпау жөнінде үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Kundelik жүйесінен деректердің таралуы: компания ақпаратты жоққа шығарды
Мектептерге арналған бірыңғай электрондық білім беру платформасы – Kundelik жүйесін әзірлеуші компания «оқушылардың жеке деректері интернетке тарады» деген ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар және Қарағанды облысындағы бірнеше автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сабақ кезінде өрт шықты: Солтүстік Қазақстандағы мектепте мұғалім күйіп қалды
10 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстан облысы Сергеевка қаласындағы мектептердің бірінде сабақ кезінде төтенше жағдай орын алды. Химия пәнінің мұғалімі 9-сынып оқушыларына тәжірибе көрсетіп жатқан сәтте күтпеген жерден жалын шығып, ұстаздың киімі өртенген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауа райы күрт бұзылады: Қазақстан өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
13-14 желтоқсан күндері Қазақстанның барлық дерлік өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктер қар жаууы, боран, көктайғақ және екпінді жел болатынын ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қауіпсіздік және қолдау шаралары: 2025 жылғы жастар баяндамасының ерекшелігі неде?
Баяндаманы таныстырып, талдау Астанада “Жастар” ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Нұрлы жер": Ақмолада 130 000 000 теңге жымқырған мердігер сотталды
Ақмола облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бөлінген 130 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған құрылыс компаниясының директоры 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот мемлекетке келтірілген залалды толық өтеуді міндеттеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Астана, саған не болды?": Қала тұрғындары кешегі кептеліске шағымданды
Елорда тұрғындары әлеуметтік желіде Астанада қар жауғаннан бастап кептеліс көбейгенін жазып жүрген еді. Алайда кеше Threads желісінде "Астана, не болып жатыр, не деген пробка мынау?" деген сынды жазбалар көптеп жазылды. Қаланың сол жағалауында күндегіден ерекше кептеліс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Пойыз қағып кеткен төрт теміржолшы жерленді: Ең кішісі 24 жаста
Бүгін Қарағанды облысындағы «Мойынты–Шығанақ» теміржол учаскесінде қаза тапқан жөндеу бригадасының төрт қызметкері жерленді. Марқұмдардың артында балалары мен асырауға мұқтаж жақындары қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаевтың Түрікменстанға сапары қалай өтті? – Видео
Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға сапары туралы видео жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Таза Қазақстан": астаналық оқушылар 7 мың қақпақтан ел картасын жасады
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Астанадағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің оқушылары пластик бөтелке қақпақтарынан Қазақстанның бірегей экокартасын құрастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жетісу облысында сібір жарасымен ауырған мал көмілген жерлер қоршауға алынды – әкім
Жетісу облысында сібір жарасына байланысты бұрынғы көмінділерді бетонмен қоршау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ет, сүт, картоп бағасы тұрақты: Исабаев өңірдегі қымбатшылыққа қарсы шараларды атады
Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімінің жоғары өнімділігі өңірдегі азық-түлік бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Экономист Орталық Азия елдерінің бюджеттерін салыстырды: Кім мықты?
Экономист және қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов Орталық Азия елдерінің 2026 жылғы бюджеттеріне салыстырмалы талдау жасап, желтоқсан айы өңір дамуының болашағын бағалауға ең қолайлы кезең екенін атап өтті. Себебі көп мемлекет өз қаржылық жоспарларын осы уақытта бекітеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтауда базар өртенді
12 желтоқсан күні сағат 16:15-де Ақтау қаласы, 28А шағынауданында орналасқан “РИД” СК ЖШС базары жанып жатыр деген хабарлама 112 пультіне келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шетелге көшкен қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы ақшасын ала алады
Егер сіз шетелге тұрақты қоныс аударған болсаңыз немесе басқа елдің азаматтығын алған жағдайда, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарыңызды алуға құқығыңыз бар. БЖЗҚ бұл төлемдерді рәсімдеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Джеки Чан жаңа блокбастерін Қазақстанда түсіреді
Әлемдік жұлдыз Джеки Чан мен «Құдайдың сауыттары: Ультиматум» фильмінің режиссёры Роберт Кун өздерінің жаңа ауқымды кинотуындысын түсіру үшін Маңғыстау өңірін негізгі локация ретінде ресми түрде бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірлік Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.
-
Оралда пәтерлердің бірінде жойқын жарылыс болды
Оралда көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, балконның терезесін жұлып әкетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
557 млрд доллар инвестиция: АҚШ пен Сауд Арабиясы нені көздеп отыр
АҚШ пен Сауд Арабиясы арасында жалпы көлемі 557 млрд доллар болатын 242 инвестициялық келісімнің жасалуы халықаралық ақпарат кеңістігінде үлкен резонанс тудырды.
-
Жетісулықтар айына қанша жалақы алатыны белгілі болды
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет берді. Әкімнің айтуынша, Жетісу облысы 2023-2024 жылдары жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) өсімі бойынша республикада үздік нәтиже көрсеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ЛГБТ және аборт тақырыбындағы парақшалар әлем бойынша бұғатталып жатыр
Meta компаниясы аборт жөнінде кеңес беретін және ЛГБТ тақырыбындағы контент жариялайтын жаһандық аккаунттарды жаппай бұғаттады. Әлемнің түрлі елдеріндегі 50-ден астам ұйым өз парақшаларының өшірілгенін немесе шектелгенін мәлімдеді. Белсенділер бұл жағдайды соңғы жылдардағы ең ауқымды цензура толқындарының бірі деп бағалап отыр. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жыл соңына дейін Жетісу облысының 126 елді мекені газбен қамтылады
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі газдандыру жұмыстарының барысына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Грузия премьер-министрімен кездесті
Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Валюта айырбастау пункттеріне жаңа талаптар қойылады
Қазақстан Ұлттық банкінің 2 желтоқсандағы қаулысымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында айырбастау пункттерінің ішкі бақылау талаптарына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жапонияда магнитудасы 6,7 болатын күшті жер сілкінісі болды
Жұма күні, 12 желтоқсанда Жапонияның солтүстігіндегі Аомори префектурасында қуатты жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.
-
Тоқаев Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды
Мемлекет басшысы БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде екі автомобиль өткізу пункті ашылды
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Қазығұрт» және Түркіменстанмен шекарада орналасқан «Темір баба» пункттері, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шалғай ауылдардағы мектептерде де ғылым дамыса дейміз – министр
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Алматыда Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен өткен «Сенім, өзгерістер және ертеңгі күн: 2050 жылға қажетті ғылым» ІІ Халықаралық жас ғалымдар конгресіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев: Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдаған Ашхабадтың Халықаралық бейбітшілік және сенім жылын жариялау туралы бастамасы ерекше мәнге ие болғанын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ата-аналарға жасөспірімдердегі есірткіге бейімделудің ерте белгілерін анықтау түсіндірілді
Астанадағы International Steppe School мектебінде жаңа, интерактивті форматта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың басты тақырыбы — балалар мен жастарды есірткіден қорғау болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тәуелсіздік күні кімдер әлеуметтік көмек алады?
Тәуелсіздік күніне кімдерге бір реттік әлеуметтік төлем берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығымен құттықтады
Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Базалық мөлшерлеме 18%: Ақшаны теңгемен сақтау тиімді ме, әлде доллармен бе?
Қазан айында Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жылдық 16,5%-дан 18%-ға дейін көтерді. Осыдан кейін теңге долларға қатысты шамамен 9%-ға нығайды. Қазіргі жағдайда доллар сатып алу қаншалықты тиімді және базалық мөлшерлеменің өсуі ұлттық валюта бағамына қалай әсер етеді? Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне Chocolife компаниясының бұрынғы бас директоры, бизнес-трекер Геннадий Ким пікір білдірді.
-
Ұшақтағы қаза: Оқиға куәгері мән-жайды айтып берді
Гуанжоудан Алматыға ұшқан әуе рейсінде жолаушы қайтыс болды. Жолаушы жағдайы әуеге көтерілгеннен кейін 1 сағаттан соң нашарлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
13-14 желтоқсан: Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жаңа қызмет пайда болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) жаңа қызметтер жүктеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда тағы бір сала мамандарының жалақысы өсуі мүмкін
Сенаттағы Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин “Ветеринария” бағыты бойынша кадрларды даярлау, гранттар мен мемлекеттік тапсырыс мәселелерін баяндап, саладағы жетістіктер мен жоспарларды таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мал өнімдерін 42 елге экспорттай алады – АШМ
Сенатта өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин ветеринариялық сертификаттар арқылы қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін шетелге экспорттау жағдайы мен мүмкіндіктерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Ашхабадтағы халықаралық форумға қатысу үшін Конгресс орталығына барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
Ішкі істер министрлігі адам саудасына қатысты қылмыстарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған “STOP-трафик” атты кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындысын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тағы да жолаушы қазасы: Гуанчжоудан Алматыға ұшқан әйел көз жұмды
Әлеуметтік желілерде Гуанчжоудан Алматыға бағыт алған әуе рейсінде жолаушының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Көліктегі полициясы аталған қайғылы жағдайды растап, тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда енді төрт түлік мал да цифрлық бақылауда болады
Сенатта өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин ветеринариялық қызметті цифрландыру жұмыстары туралы баяндап, жануарларды тіркеу, қадағалау және өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа цифрлық шешімдерді таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде қойдың саны 23 миллоннан асты
Сенатта өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин ветеринариялық қызметтің қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары туралы баяндама жасап, жануарлар саны, ет өндірісі және қауіпті аурулармен күрес нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Түрікменстандағы Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Ақшаны қалай үнемдеуге болады: Депутат маңызды кеңес берді
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жыл соңында қазақстандықтарға қаржы тәртібін күшейту қажеттігін ескертті.
-
Алматыда бойжеткен 12-қабаттан құлап кетті
Алматыда "Радужный берег" тұрғын үй кешенінің 12-қабатындағы балконнан 24 жастағы қыз құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
15 жастағы жасөспірім пиротехникадан қолынан айырылды
Қолдан жасалған пиротехниканың кесірінен ауыр жағдай болды: 15 жастағы жасөспірім Чехиядан заңсыз әкелінген петардалардан құрастырылған құрылғы жарылып, бір қолынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Bild басылымына сілтеме жасап.
-
Енді зейнетақы қаржысын пластикалық ота жасату үшін де қолдана алмайсыз
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға стоматология мен офтальмология бағыттары бойынша өтінімдер қабылдау жабылғаннан кейін жаңа жол іздей бастады. Соның нәтижесінде бір мақсат ерекше көзге түсті. Ол – реконструктивтік және пластикалық операциялар. Бірақ «Отбасы банк» бұл бағыттағы өтінімдердің күрт өскенін байқап, оны тәуекел белгісі ретінде бағалап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жыл басынан бері 821 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 296 мыңға жуық адам қамтылды, 821,1 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Фон дер Ляйен Трампты еуропалық демократияға араласпауға шақырды
Еуропалық Комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен Politico басылымына берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы өз пікірін білдіріп, АҚШ президенті Дональд Трамптың Еуропаға жақында жасаған шабуылдарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Австрияда 14 жасқа толмаған қыздарға орамал тағуға тыйым салынды
Австрия даулы шешім қабылдады: 14 жасқа толмаған қыздарға мектептерде орамал тағуға тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның жаңадан сайланған Президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Президенті болып сайлануына орай Ги Пармеланға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Америка азаматтығын 1 млн долларға сатады
Енді Американың азаматтығын кез келген елдің тұрғыны сатып ала алады. Дональд Трамп иммигранттарға арналған "Алтын картаны" ресми түрде сатылымға шығарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Енді шығыныңыз табыстан көп болса, салық органдарына жауап бересіз
2026 жылдың 1 қаңтарынан салық органдары қазақстандықтардың табысын жаңа тәсілмен есептейді. Экономист Алдияр Саматовтың айтуынша, бұл өзгерістің әрбір қазақстандыққа әсері болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қостанай облысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ұсталды
Қостанай облысында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспанов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталып, сот оны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Болгария үкіметі жаппай наразылық акциялары аясында отставкаға кететінін жариялады
Болгария премьер-министрі Розен Желязков ресми түрде өз кабинетінің отставкаға кететінін жариялады. Бұл шешім жаппай наразылық акциялары аясында қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
12 желтоқсанға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің 12 желтоқсан күнгі валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Рим Папасы Тоқаевтан арнайы хат алды
Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат жұмыс сапарымен Ватиканға барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сағыз шайнағаннан кейін сегіз мектеп оқушысы ауруханаға түсті
Әзербайжанның Баку қаласындағы №14 орта мектепте сегіз оқушының сағыздан улануы мүмкін екендігі туралы жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елде әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі жаңартылады
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі жаңартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тандыр нан пісірілетін орында төрт адам зардап шекті
Астана қаласы, Алматы ауданы, М.Жұмабаев көшесінде екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты тандырханада өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх