Все новости за 8 қазан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
СҚО-да жыл басынан бері 770 келіден астам есірткі тәркіленді
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері полиция қызметкерлері 770 келіден астам түрлі есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Ақтау тұрғындары маңызды дәрілік препараттың тапшылығына шағымдануда
Ақтаудағы дәріханаларда жүрек ауруларын емдеуге арналған маңызды дәрілік препарат "Кордаронның" тапшылығы байқалуда. Тұрғындар бұл жағдай бірнеше айдан бері жалғасып келе жатқанын айтып, мәселенің шешілуін сұрап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қазақстандық әйел Blue Origin компаниясымен ғарыштық ұшуын сәтті орындады
Қазақстандық кәсіпкер және альпинист Дана Карагусова ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ әйелі атанды. Ол америкалық Blue Origin компаниясының New Shepard зымыранымен суборбитальды туристік ұшуға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аяз және қатты жел: 13 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 9 қазанда еліміздің 13 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
-
Қызылорда облысында "Creative Caravan" жобасы іске қосылды
Қызылорда облысында креативті индустрияны дамыту және осы сала өкілдерін қолдау мақсатында "Creative Caravan" жобасы басталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
iPhone авторы қолданушыларынан кешірім сұрады
Apple компаниясының бұрынғы бас дизайнері Джонни Айв iPhone құрылғысының адамдарды гаджеттерге тәуелді еткенін мойындап, қолданушыларынан кешірім сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі PCMag басылымына сілтеме жасап.
-
Құжатсыз көлік жүргізген петропавлдық үш бірдей апатқа себеп болып, рекордтық айыппұл арқалады
Петропавлда көлік жүргізу құқығы жоқ ер адам бір күнде үш бірдей жол апатына себепші болып, рекордтық көлемде – 1 миллион теңгеден астам айыппұл арқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанадағы жаңа ғимарат өртенді: қою түтін "Хан Шатыр" маңын басып қалды
Әлеуметтік желілерде өрт сәті түсірілген бейнежазба тарады. Видеоны түсірген автордың айтуынша, қою түтін аспанды тұмшалап, көптеген жүргізуші "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығы өртеніп жатыр деп ойлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бизнестен пәтерге дейін: Алаяқ таныстарын 41 миллион теңгеге алдап кеткен
Шығыс Қазақстан облысында полиция ондаған миллион теңге шығын келтірген ірі алаяқтық істі ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
"Мұғалім Talks": Қошанов жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру бағыттарын атады
Астанада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Мұғалім Talks» кейс-платформасының екінші отырысына еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам педагог, ғалым және сарапшы қатысты. Биылғы жиынның басты тақырыбы – жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалімнің рөлі мен білім беру саласындағы инновация болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Ертеңді жоспарлай алмайтын күндер болды": Бибігүл Жүкенованың өмірін донорлық ота қалай өзгертті
Трансплантологияның адам өміріндегі маңызын айқын көрсеткен мысалдың бірі – қазақстандық Бибігүл Жүкенованың оқиғасы. Ол 7 жыл бұрын елордада өзіне өкпе ауыстыру отасын жасатқан. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Транскаспий дәлізі: Қазақстан транзиттен табыс таба ала ма?
Орта дәлізді (немесе Транскаспий халықаралық көлік бағыты) күшейту бүгінде әлемдік сауда мен логистикадағы басты тақырыптардың біріне айналды. Бұл бағыт Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер ашқанымен, бірқатар күрделі сынақтармен де бетпе-бет келтіріп отыр. Сарапшы BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында жобаның елге қандай пайда әкелетінін, кім көбірек ұтатынын және қандай қауіп-қатер барын егжей-тегжейлі түсіндірді.
-
Израиль күштері Газаға бағытталған гуманитарлық кемелер керуенін тоқтатты
Израиль әскері Газа секторына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізген гуманитарлық флотилияны тоқтатты. Тоғыз кеме мен 150 адам ұсталды. Түркия бұл әрекетті халықаралық құқықтың бұзылуы деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Шардарада жамағаттан ақша жинауға мәжбүрледі деп айыпталған имам қызметінен кетті
Желіде Түркістан облысы, Шардара ауданындағы мешіттің азаншысы Жүніс Сартаев ауданның бас имамы Марат Асановты ай сайын мешіттің коммуналдық төлемдерін төлеу үшін жамағаттан ақша жинайды деп айыптаған бейнежазбасынан кейін ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілдігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Нанның ішінен телефон шықты: Қызылордада айлакердің әрекеті әшкере болды
Қызылордада түрмеге телефонды нанның ішіне жасырып өткізбек болған азамат әшкере болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қазақстандықтардың жартысынан көбі өмір сүру жағдайына қанағаттанады – сауалнама нәтижесі
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасындағы халықтың 2025 жылғы өмір сүру сапасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Питер Фостер "Эйр Астанадан" кетеді: компанияның жаңа басшысы белгілі болды
Air Astana әуе компаниясының бас директоры Питер Фостер 20 жылдан кейін қызметінен кетеді. Оның орнына қаржы жөніндегі директор Ибрахим Жанлыел тағайындалады. Фостер директорлар кеңесіне аға кеңесші болып қалады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Биыл бюджеттің 337,5 млрд теңгесі заңсыз жұмсалған
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Тәкиевті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Семейде бірнеше бала отбасының діни көзқарасына байланысты мектепке бармаған
Семейде балалардың білім алу құқығының бұзылу фактілері анықталды.Бірнеше бала отбасының діни көзқарасына байланысты оқымай қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде адамдардың денсаулығын некеге дейін тексеру ұсынылды
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға депутаттық сауал жолдап, балалар арасындағы мүгедектік диагноздарының алдын алу үшін генетикалық тестілеу жүйесін енгізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат электромобильдерге арналған жеңілдіктерді ұзартуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов Үкіметке депутаттық сауал жолдап, электромобильдерді әкелуге арналған кедендік баждар мен утильдік жинақ нөлдік ставкада болатын жеңілдікті режимді ұзарту қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Балаларға зиянды өнімдерді сатуды шектеу қажет: Депутат дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Байтілесов Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұмангариннің атына балалар арасында ультраөңделген тағам өнімдерінің тұтынуының артуына байланысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат мұнай өңдеу зауыттарының қуаттылығын арттыруды ұсынды
Мәжіліс депуаты Мұрат Ергешбаев еліміздегі зауыттардың мұнай өңдеу қуаттылығының жеткіліксіздігіне қатысты Энергетика министрлігіне сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға барады
Мемлекет басшысы 9-10 қазан күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен Душанбеге сапармен барады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Дәрігер жетіспейді: Қазақстанда 8 мың медицина маманының орны бос
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға жолдаған депутаттық сауалында елдегі медицина кадрларының жетіспеушілігіне қатысты өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары спортпен көбірек айналысады?
Қазақстанда тұрғындардың спортпен айналысу деңгейі әр өңірде әртүрлі. Орта есеппен ел тұрғындары аптасына 2,2 күн спортпен айналысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Finprom-ға сілтеме жасап.
-
Жыл сайын ағза тапшылығынан 300-ден астам адам көз жұмады
Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында «Қазақстанда ағзалық донорлықтың дамуы» тақырыбында өтіп жатқан дөңгелек үстел барысында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Құрылыс адам үшін жобалануы керек: Сарапшы жаңа кодекс туралы ойын айтты
"Urban Living" ЖШС-ның Бас директоры әрі ҚР Парламенті жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі Гүлмира Байғабылова Құрылыс кодексінің жобасына енгізілген өзгерістер туралы айтып, оның ішінде қалалық ортадағы адам құқықтары мен инклюзивтілікке қатысты маңызды талаптардың кейбірі әлі толық жүзеге аспағанын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутаттар Үкіметке туризмді дамытудың жолын ұсынды
Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов ішкі туризм саласын дамытуға қатысты депутаттық сауалын Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына жолдады. Депутат бұл саланың тек экономикалық қана емес, әлеуметтік және имидждік маңызға ие екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Роналду тарихтағы ең бай футболшы атанды
Әлемге әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду тарихтағы ең бай спортшылардың бірі атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда 4 мыңға жуық адам ағза трансплантациясын күтуде
Олардың ішінде 121 бала бар,-деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Күзетші көлік жарылуға бірнеше секунд қалғанда жүргізушіні құтқарып үлгерді
Абай облысы, Бесқарағай ауданына қарасты Жыланды ауылының маңында, Омбы-Майқапшағай тас жолында ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандағы Парламенттік реформа: ғалым-заңгерлер, сарапшылар мен депутаттар жұмыс тобына кірді
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Парламенттік реформа жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Президент «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Жаңа цифрлық платформа: Авторлардың сыйақы үлесі ұлғаяды
Мәжілістің жалпы отырысында зияткерлік меншік мәселелеріне қатысты заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алдағы үш жыл бойы зейнетақы өседі
Қазақстанда 2026-2028 жылдар аралығында зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері кезең-кезеңімен арттырылады. Бұл туралы 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында көрсетілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Құрылыс кодексі Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің биіктігін қалай реттемек
Алматыда тұрғын үй құрылысының биіктігі қаланың орналасқан аймағына қарай шектеледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Аймағамбетов уәдесін орындамайтындар туралы шындықты айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Құрылыс кодексінің жобасына қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік инфрақұрылымға қатысты маңызды ұсыныстардың заң жобасына әлі де енбей отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында журналистерге сұқбат барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасалады
Қазақстанда педофилдерге түрмеден шығуына жарты жыл қалғанда химиялық кастрация жасалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еуропалық клуб 18 жастағы қазақ футболшысына көз тігіп отыр
Алматылық «Қайраттың» 18 жастағы шабуылшысы Азамат Тұяқбаевқа Англияның екінші деңгейлі лигасында көш бастап тұрған «Ковентри Сити» клубы қызығушылық танытты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті
Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтардың нысанына автокөлік иелері іліге бастағандығы туралы ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда баспасөз қызметтерінің жұмыс тиімділігін қалай арттырмақ?
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу барысында баспасөз қызметтері проактивті жұмыс істеп, қоғаммен сенімді байланыс орнатып, қоғамдық сұраныстарға дер кезінде жауап беруі керектігін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алдымен тұрғын үй емес, мектеп пен аурухана салынуы керек – Аймағамбетов
Бүгін Мәжіліс кулуарында депутат Асхат Аймағамбетов елді мекендерді жоспарлы дамыту кезінде әуелі әлеуметтік инфрақұрылымды салу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанға қандай көлік кіргізуге тыйым салынады? Министрлік түсіндірді
20 қазаннан бастап Қазақстан аумағына ірі көлемді көліктер мен арнайы техникаларды жеке тұлғалар атына тіркеп әкелуге шектеу енгізіледі. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Уильям Лакоби: Технология мен тұрақтылық – Қазақстанның энергетикалық болашағының негізі
2025 жылғы 2–3 қазан күндері Астанада өткен Kazakhstan Energy Week – 2025 апталығы аясындағы XVI Еуразиялық KAZENERGY форумы энергетика саласындағы ең беделді халықаралық алаңдардың біріне айналды. 50 елден келген 300-ден астам сарапшы мен саясаткер жаһандық энергетикалық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аймақтарға басымдық: Ұлттық комиссия әйелдерді қолдаудың жаңа деңгейін талқылады
Қазақстанда әйелдердің шешім қабылдау процесіне және басқару құрылымдарына қатысуын кеңейтуге бағытталған шаралар күшейтілмек. Ұлттық комиссия өңірлерде, соның ішінде аудандық және ауылдық деңгейлерде де бастамашыл әрі талантты әйелдерді қолдау жұмысын жандандыруда. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі, Ұлттық комиссия төрайымы Айда Балаева Астанада үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-да жол апатына ұшыраған көлік қоршауға ілініп қалды
Риддер қаласында жол апатына ұшыраған көлік жер үйдің қоршауына қырымен ілініп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ҮЕҰ қызметі туралы жаңа заң: Балаева жұмыс тобы жайлы айтты
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметі туралы жаңа заң әзірлене бастады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, осы бағытта арнайы жұмыс тобы құрылып, ол азаматтық сектордың мүдделерін қорғауға, ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай құқықтық актіні дайындаумен айналысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қар мен жаңбыр: Қазақстанның екі өңірінде ауа райы күрт бұзылады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде ауа райы күрт бұзылады. Болжам бойынша 9-11 қазан аралығында кей өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Шығыста және орталықта тұман, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Геологиялық зерттеулер мен уран саласын дамытуға бағытталған заң жобасы қаралды
Заң жобасының нәтижесінде 1 млрд АҚШ доллары көлемінде жаңа инвестиция тарту көзделген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Аида Балаева: Цифрландыру мен жасанды интеллект азаматтық қоғамның дамуына ықпал етуі тиіс
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдің цифрлық трансформация жағдайында мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы ол Астанада үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Парламент геологиялық барлау жүйесін түбегейлі реформалауды көздейді
Мәжілісте «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласындағы жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда жаяу жүргіншілер жолағында жасөспірімді жедел жәрдем көлігі қақты
Алматыда жол қиылыстарының бірінде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Мәдениет және ақпарат министрі қоғамдық бақылауды күшейтуге шақырды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көптеген қоғамдық мәселені шешудің кілті – мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылында, сондай-ақ халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруда екенін айтты. Бұл туралы ол Астанада үкіметтік емес ұйым өкілдерімен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
AI тақырыптары Келешек мектептерінің оқу бағдарламасына енгізілді
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аида Балаева Астанада үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Астанада үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында азаматтық қоғамды дамыту, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары және мемлекет пен үшінші сектор арасындағы ынтымақтастықты нығайту шаралары талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
“Балаларға оқитын жер жоқ”: Аймағамбетов әділетсіздік туралы айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бүгінгі жалпы отырыста қаралған жаңа Құрылыс кодексінің жобасына қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік маңызы жоғары кейбір нормалардың құжаттан түсіп қалғанын сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қалаларда неге 1-2 бөлмелі пәтерлер көп салынады? Депутат өзекті мәселе көтерді
Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Айдос Сарым еліміздегі тұрғын үй құрылысы нарығының әлеуметтік және демографиялық жағдайға әсері жөнінде мәселе көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Инфрақұрылым барлық азаматтарға тең қолжетімді болуы тиіс – депутат
Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инфрақұрылымның қолжетімді болуы әлі де екінші кезекте қалып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
“Тұрғындар қай жерде тұрып жатқанын білмейді”: Депутат министрдің баяндамасын сынға алды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытжан Базарбек Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевқа құрылысқа қатысты өзекті сауалдар қойды. Ол министрдің баяндамасында нақты деректердің бұрмаланғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еліміздегі әр құрылыс нысанына енді жеке сәйкестендіру нөмірі берілмек
Құрылысы жүріп жатқан нысандарға бірегей нөмір мемлекеттік кадастр жүйесінде жоспарлау кезеңінде беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әріптесін өлтіріп, орманға көміп тастаған: Ақмола облысында сот үкімі шықты
Ақмола облысында ер адам әріптесін өлтіріп, мәйітті орманға апарып көміп тастаған. Сот әріптесін өлтірген ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Құрылыс кодексі: Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жаңа Құрылыс кодексінің жобасындағы маңызды жаңалықтарды бөлісті. Сөзінше, жаңа кодекс аясында Ұлттық техникалық нормалау институтын құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дуровтың Көлсайда шомылуынан кейін ұлттық парк қызметкерлері жазаланбақ
Алматы облысындағы “Көлсай көлдері” ұлттық паркі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Көлсай көлінде шомылғаны туралы бейнежазба пайда болғаннан кейін қызметтік тексеріс бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Құрылыс саласы толық цифрландырылады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жаңа Құрылыс кодексінің жобасындағы маңызды жаңалықтарды бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Фурманов каналы 40 жылда алғаш рет механикалық тазалаудан өтті
Фурманов айналма каналының ұзындығы 52 шақырым болатын бөлігінде механикалық тазалау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде енді жер сілкінісіне төтеп беретін ғимараттар салынады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жаңа Құрылыс кодексінің жобасын таныстырды. Құжатта сейсмикалық қауіпсіздікке баса назар аударылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы облысына қашан жылу беріледі
Алматы облысы жылыту маусымына толық дайын екенін мәлімдеген облыс әкімдігі өңірдегі аудандар мен қалаларда жылу беру кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын мәлімдеді, деп хаюарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Құрылыс саласындағы жүйелер біріктіріледі: жаңа цифрлық портал іске қосылмақ
Құрылыс саласындағы бірыңғай цифрлық платформа қашан іске қосылатыныны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда қала құрылысына бақылау күшейтілмек: Енді нысандар ретсіз салына бермейді
Елімізде құрылыс құжаттарына сай келмейтін нысандарды жобалауға және салуға рұқсат берілмейді
-
Мәжілісте жаңа Құрылыс кодексі таныстырылды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жаңа Құрылыс кодексінің жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: P.Diddy Трамптан рақымшылық өтінді, Эквадор президентіне қастандық жасалды, Иран хиджаб дауына нүкте қойды
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
-
Дүкенге шыққан тұрғын пакетке салынған адам сүйегін тауып алған
Шымкент тұрғыны азық-түлік алуға шыққан кезде қорқынышты жағдайға тап болды. Андрей есімді тұрғын супермаркет маңынан табылған целлофан пакетте адам бас сүйегі мен сүйектері жатқанын айтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұғалім оқушы қызға жасаған азғындық әрекеті үшін 12 жылға қамауға алынды
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған балаға қатысты азғындық жасады деп айыпталған педагогқа үкім шығарылды. Ол 12 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Бензинге уланған": Қызылордалық сарбаз Маңғыстауда көз жұмды
Маңғыстау өңірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз жанармай буынан уланып көз жұмды, деп хабарлады BAQ.KZ.
-
"Досымды қалай өлтіруге болады?: ChatGPT-ге сұрақ қойған жасөспірім қамауға алынды
Мектеп құрылғысынан ChatGPT-ге сұрақ қойған жасөспірім қамауға алынды
-
Рудныйда марихуана өсірген тұрғын ұсталды
Рудный қаласында нашақорлыққа қарсы бөлімнің қызметкерлері заңсыз марихуана плантациясын анықтады. Шаруашылық жылыжай ретінде жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Трамп Си Цзиньпинмен кездесу уақыты мен орнын жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы апталарда Қытай көшбасшысы Си Цзиньпинмен Оңтүстік Кореяда кездесуге ниетті. Бұл туралы ол Ақ үйде Канада премьер-министрі Марк Карнимен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ішкі істер министрлігі қызметке қабылдау процесіне жасанды интеллект енгізеді
Министрлікте Trust Education Company компаниясының өкілі, TrustExam.ai инновациялық платформасының әзірлеушісі Нұрали Сарбақышпен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz ақпаратына сілтеме жасап.
-
Қазақстандағы ең танымал жол бағыты қандай?
Жыл басынан бері көлік жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 54 млн астам рет жүріп өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін тоғыз қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК бүгін еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашарлайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан азық-түлік бағасын қалай ұстап тұр?
Бір литр май мен бір қап ұн — бүгінде әр отбасының күнделікті шығынын өлшейтін басты көрсеткіштердің бірі. Ал Еуразиялық экономикалық комиссияның соңғы есебі Қазақстанда бұл өнімдердің бағасы көршілес елдерге қарағанда әлі де қолжетімді деңгейде екенін айқындап отыр. Сауда және интеграция министрлігі BAQ.KZ редакциясының ресми сауалына берген жауабында елде баға тұрақтылығын сақтау үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын түсіндірді.
-
Егер алаяқ сіздің атыңызға несие алса, не істеу керек?
Егер алаяқтар сіздің атыңызға кредит рәсімдеген болса банкпен немесе МҚҰ-мен байланысыңыз. Кредиттің алаяқтық екенін хабарлаңыз. Карталарды, шоттарды немесе қосымшаға қолжетімділікті блоктауды сұраңыз және өтінішіңізді тіркеңіз.
-
Қытайда әлемдегі алғашқы суасты деректер орталығы ашылды
Қытайдың оңтүстігінде әлемдегі алғашқы су астындағы деректер орталығы салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
-
Германияда қала мэріне белгісіз біреулер пышақпен шабуылдады
Германияның Хердеке қаласында жақында ғана сайланған қала мэрі Ирис Штальцер пышақтан ауыр жарақат алды. Ол іш пен арқа тұсынан жараланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада айналма жолдардың бойы көгалдандырылады
Жоба тұрғындар мен қала қонақтарына жайлы әрі көркем орта қалыптастыруды, сондай-ақ жол бойындағы экологиялық тепе-теңдікті сақтауды мақсат етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мадридте алты қабатты ғимарат құлады: 3 адам зардап шекті, 4 адам із-түзсіз жоғалды
Испания астанасы Мадридтің орталығында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан ғимарат опырылып құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-да дөрекі ауыл әкімінің әрекеті Әдеп жөніндегі кеңесте қаралады
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы ауыл әкімі жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында балағат сөздер айтқан. Әкімнің бұл теріс қылығы облыс әкімдігінің назарына ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық спортшы Сауд Арабиясында қамауға алынды
Қазақстандық спортшы Сауд Арабиясында бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
8 қазанға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх