Все новости за 28 қыркүйек 2023
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Азия даму банкі Қазақстанға ағынды суларды тазартуға көмектеседі
Кәріз тазарту қондырғыларын салу және қайта жаңарту бойынша бірлескен жобаларды дайындау аясында Азия даму банкінің сарапшылар миссиясы Қазақстанға келді, деп хабарлайды BAQ.KZ өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Тоқаев: Біз экономиканы әртараптандыруға күш саламыз
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумының қатысушыларына ұлттық экономиканы дамытудың перспективалары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Президент «Көшбасшылар диалогы» сессиясында Қазақстанның жаһандық экономикалық процестердегі рөлі туралы өз көзқарасын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Эр-Риядта Әуезовтің шығармашылығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігі Сауд Арабиясындағы зерттеу және мәдениетаралық білім орталығымен бірлесіп, ұлы жазушы және драматург Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын таныстыру шеңберінде, ғылыми-практикалық конференция өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астаналық сарбаздар әскерге аттанды
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарына күзгі шақырылушылардың алғашқы командасы Қонаев қаласында орналасқан десанттық-шабуылдау құрамасына аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент: Германия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы стратегиялық серіктесі
Мемлекет басшысы Берлинге сапармен келуге арнайы шақырып, қонақжайлық көрсеткені үшін Олаф Шольцке ризашылығын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев: Қазақстан Украинадағы әскери іс-қимылдардың тез арада тоқтатылуын жақтайды
Қазақстан мен Германия басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада 2027 жылға дейін 65 жаңа мектеп ашу жоспарланып отыр
Астанада қазіргі уақытта жалпы білім беретін 171 мектеп бар, оның 101-і – мемлекеттік, 63-і – жекеменшік, жетеуі – республикалық маңызы бар мектеп, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда жүрек-қан тамырлары аурулары көрсеткіші өскен
Қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық деңгейі бірнеше есе өсті, елімізде жыл сайын 40 мыңға жуық адам қайтыс болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Германияға бірлескен консорциум құруды ұсынды
Мемлекет басшысы Германияның Федералдық канцлерімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кентау трансформатор зауыты 400 түрлі өнім шығарып, экспорттайды
«Alageum Electriс» компаниялар тобына кіретін «Кентау трансформатор зауыты» АҚ бұрын-соңды Қазақстанда өндірілмеген трансформаторлар мен түрлі электр жабдықтардың 400-ден астам түрін шығарады, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
-
Мәжіліс депутаттары медицина саласындағы проблемаларды талқылады
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Астана медицина университетінде отырыс өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы басталды
Алматы облысының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада Қостанай мен Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада 30 қыркүйек пен 1 қазанда өтетін жәрмеңкеге Қостанай мен Ақтөбе облыстарының шаруалары ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе жүргізушілері: «Сергектен» бұрын алдымен сапалы жол салып берсін
Ақтөбе қаласының көлік жүргізушілері орталық көшелерге «Сергек» бейнекамераларының орнатылуына байланысты әлеуметтік желіде өз наразылықтарын білдіріп жатыр, деп хабарлайды Ақтөбе облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
-
ҚМГ «Өзенмұнайгазға» берілген ұсыныстардың орындалуын қадағалады
ҚМГ жұмыс тобы «Өзенмұнайгаздағы» тексеру қорытындысы бойынша берілген ұсыныстардың орындалуын қадағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Мобильді ХҚКО» қосымшасында жаңа қызмет пайда болды
Енді жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын азаматтар «Мобильді ХҚКО» қосымшасы арқылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына емтихан тапсыруға өтініш беріп, алдын ала кезекті брондай алатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үкіметте «Бәйтерек» холдингінің есебі тыңдалды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жазықбаев Абай облысының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті
МҚІА төрағасы Дархан Жазықбаев Абай облысының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аутизм диагнозы бар балаларды оқытуға арналған кітап қазақ тіліне аударылды
Астанада қазақ тіліне аударылған ABLLS-R сөйлеу және үйренудің негізгі дағдыларын бағалау құралының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақ тілінің тағдырын қаржы мен сауатты жастар шешеді - Жұмабекұлы
Елімізде неге ғылымға деген қызушылық аз?
-
5 жылда 3 мың орман өрті болып, 30 млрд теңгеге жуық шығын келтірілді
Қазақстанда бүкіл аумақтың 4,7%-ы ғана орман алқаптарымен қамтылған
-
Депутат шетелдіктер асырап алған жетім балалар туралы толық ақпарат беруді сұрады
Шетелде 7 миллионға жуық қазақ тұрады
-
Елордада ТЖМ құтқарушыларына арналған фотокөрме өтеді
Ертең Астана қаласындағы «Атырау» көпірінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қатардағы қызметкерлеріне арналған фотокөрменің ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жүзуші Әділбек Мусин Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды
Отандасымыз 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында қола жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Канцлері Олаф Шольцпен кездесті
Германияға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Федералдық канцлер Олаф Шольцпен бетпе-бет форматында келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте «Asia Trafo» зауыты қуаты 500 МВА, салмағы 295 тонналық автотрансформатор шығарды
Шымкентте «Alageum Electriс» компаниялар тобына кіретін «Asia Trafo» трансформатор зауытының инженерлері қуаты 250 000 кВА, кернеуі 500кВ болатын үш фазалы автотрансформатор жасап шығарды, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақылы жолдар 20% қымбаттайды – министр
Жол ақысы 20%-ға көтеріледі.
-
Еліміздің автожолдары қысқы кезеңге дайын ба
Қыста жолдарды тазалау үшін 1600 арнайы техника мен 4200 маман жұмылдырылады.
-
"Анимация: бүгіні және болашағы" уоркшобы аяқталды
Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстандық қоғамдық даму институтының MediaLab орталығы ұйымдастырған KIPD Animation уоркшобының жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордалық прокуратура инвестордың құқығын қорғады
Прокуратура органдары кәсіпкерлердің, оның ішінде инвесторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмысты тұрақты түрде жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
-
Астанада оқушы орнының тапшылығы қашан шешіледі?
2023 оқу жылында 16 мың орындық 2 ауысымдағы 11 мектеп салынады, оның 4-і пайдалануға беріліп, жұмыс істейді, 7 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жетісу облысында өрт-тактикалық жаттығулар өтті
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерімен бірлесіп орман алқаптарында табиғи өртті сөндіруді пысықтау бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мектеп психологтарын артық жұмысқа жегуге тыйым салынды
Бір психологқа 700-800 баладан келеді
-
Министрлік машина-трактор паркінің тозуына қатысты не істеді?
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет отырысында Президент 1 қыркүйектегі Жолдауында айтқан машина-трактор паркінің тозуына қатысты министрлік қандай шараларды қабылдап жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Аида Балаева Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Ұлттық құрылтай хатшысы Аида Балаева Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШЫҰ Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі
Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерімен өзара саудасы 2022 жылы шамамен $61 млрд болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оқушы құлап кеткен мектепте баспалдақтарға қоршау орнатылды
Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Есет Байкен оқушы құлап кеткен мектепте оқыс оқиғадан кейін баспалдақтарға қоршау орнатылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президенттің Германияға ресми сапары басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Кенже қалып отыр". Бибігүл Жексенбай медициналық мекемелерді қаржыландыру жайында
Сенатор жылдан жылға қаржыландыру төмендеп бара жатқанын айтты
-
Астанада бір директор мектепті 21 жыл бойы басқарған
Астанада мектепті 21 жыл бойы басқарған директор неліктен басқа мектепке ауыстырылмай отыр? Бұл сұраққа Білім басқармасы басшысы Қасымхан Сенғазыев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттары бекітілді
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысында ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарын айқындау мәселесі қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Журналистер саябағында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Қала тұрғындары Журналистер саябағындағы ағаштардың топырағы қопарылып, тамыры көрініп жатқанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
NASA ғарышкері рекорд орнатты
Америкалық NASA ғарышкері Фрэнк Рубио Халықаралық ғарыш станциясында 371 күн болып, рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Германия шекарадағы бақылауды күшейтті
Германия Польша және Чехиямен арадағы шекарасын бақылауды күшейтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Азия ойындары. Ел қоржынына тағы қола жүлде түсті
ХІХ жазғы Азия ойындарында ел қоржынына қола жүлде түсті Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылордада аурухананың бас дәрігерлері жаппай ауыстырылады
Қызылорда облысының медициналық ұйымдарында жаппай ротация жүргізілмек, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Түркістанда қылмыс саны 9,3%-ға төмендеген
2018 жылы 11 мың қылмыс тіркелсе, биыл 4324-ке дейін төмендеген, деп хабарлайды BAQ.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Антикор Гүлвира Доненбаеваның ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады
Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлерін парамен әшкереледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тұмаудан қалай сақтану қажет
ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова ЖРВИ және тұмаумен ауыру ахуалы туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
«Үздік педагог» республикалық байқауының екінші кезеңі өтіп жатыр
Елімізде «Үздік педагог» республикалық байқауының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағандыда он көпбалалы отбасы баспаналы болды
Он көпбалалы отбасы Қарағанды облысы Нұра ауданының Тікенекті ауылына көшті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Шетелден импорттаудың жырын жырлайтындар кедергі келтіреді – Дайрабаев
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев Мәжілістегі Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан Азия ойындарындағы медаль санын 20-ға жеткізді
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында ерлер арасындағы жағажай волейболынан жұптық бәсекелер өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанға әлемге әйгілі IT тұлғалар келеді
ОКҚ алаңында өткен брифингте Astana Hub басқарушы директоры Алина Абрахманова Digital Bridge 2023 халықаралық форумына кім қатысатынын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қандай жағдайда емханаға тіркеуден бас тартуы мүмкін?
Жыл сайынғы тіркеу науқаны кезінде елордалықтар еркін түрде емхана таңдай алады, деп хабарлайды BAQ.KZ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалына сілтеме жасап.
-
Қарағанды мен облыс тұрғындарына электр энергиясы берілді
Қарағанды мен облыс тұрғындарына біртіндеп жарық беріле бастады, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарағандыдағы апат. Министрлік тергеуді бастады
Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қарағанды ЖЭО-3 технологиялық бұзушылығының тергеуімен айналысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада Digital Bridge халықаралық форумы өтеді
12-13 қазанда елордада Digital Bridge халықаралық форумы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еуразиялық одақтың талабынан сүт сататындар табысынан айырылуы мүмкін
Солтүстік өңірлеріндегі сүт өңдеушілер өндірісті қысқартуға мәжбүр. Сенатор Зәкіржан Күзиев депутаттық сауалында осылай деп айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Азиада. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко Қазақстанға үшінші алтын медаль әкелді
Қазақстандық Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ресейдің экономикасына жұмыс істеп жатырмыз – Жигули Дайрабаев
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Мәжілістегі Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақсу ауданындағы шикіліктер
Ақсу ауданың әкімі Берік Тыншбаев облыс әкімі Бейбіт Исабаев берген тапсырмаға салғырт қараған. Мәселен, суару желілерінің 60 пайызы ғана жаңартылған, ауданда картоп, көкөніс қоймасы жоқ, сүт өндіріс төмен, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанның нысана көздеуден құрамасы күміс медаль еншіледі
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында жерлестеріміз 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысананы дәл көздеуден 2-ші орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан газ транзитінен қанша пайда табады?
Бір айдан астам уақытта 2,8 миллиард теңге қазынаға түсті.
-
Еліміз Азия ойындарында екінші алтынға ие болды
10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухара Ирназарова чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жигули Дайрабаев: Қазақстан техникасында 40, ал АҚШ-тікінде 500 аттың күші бар
Елімізде қолданыста жүрген техниканың 60 пайызға жуығының мерзімі өткенімен қолданыстан шығарылмаған.
-
Бөлекпаев ЖЭО-дағы апатқа байланысты түсініктеме берді
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ЖЭО-3 апатына байланысты өңір тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Өзбекстан энергия қорын өткізуде бірлескен кедендік бақылау жүргізеді
Бұл жайында Сенатор Амангелді Нұғманов мәлімдеді. Ол жоба аясында қандай шаралар іске асырылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Абай облысының көші-қон қызметі басқармасының бастығы ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде Абай облысы Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Гүлвира Дөненбаеваның ұсталғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кедендік одақ жасанды интеллекті қолдана ма?
Сенаттың жалпы отырысында депутат Генадий Шиповских Қаржы министрлігінің өкіліне сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда заңсыз құрылыс сот шешімімен сүріледі
Алматы қаласында бірнеше құрылыс нысаны сот шешімі бойынша сүрілуі мүмкін, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Елде тағы бір жол ақылы болады
Сонымен шақырым үшін қанша төлейтін болдық
-
Қарағандыдағы апат: Қала жарықсыз қалды
Қарағандыда ЖЭО-да болған апатына байланысты қала тұрғындары электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ІІМ есірткі қылмысымен күресте жаңа әдістер қолданып жатыр
ІІМ есірткімен күресте жаңа әдістер қолдануда, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Ғауез Нұрмұхамбетовтың өкілеттігі тоқтатылды
Сенаттың жалпы отырысында Ғауез Нұрмұхамбетов депутаттық өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандық семсерлесушілер Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында семсерлесуден командалық жарыстардың жартылай финалдық матчтары өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сенаттың жаңа депутаты Дархан Қыдырәлі ант берді
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Дархан Қыдырәлі ант қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
«Көк Төбеге» дейінгі жаяу жүргіншілер жолы қолданысқа қашан беріледі?
Ұзындығы 1,2 км болатын жаяу жүргіншілер жолын жайластыру жұмыстары қараша айында аяқталмақ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық банк теңгенің құлдырауына әсер еткен бірнеше факторды атады
Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамының соңғы екі аптадағы әлсіреуіне қатысты сұраққа жауап бере келе, бірнеше фактордың бір мезетте қосарланғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ банктің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Алматының «Көк базарында» модернизациялау жұмыстары басталды
Алматыдағы «Көк базардың» жөндеу жұмыстары 2024 жылдың соңында аяқталмақ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде доллар мен еуро қымбаттап жатыр
Ұлттық банк 28 қыркүйекке арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елде қандай тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алу қауіпті
Бүгінде ел бойынша пәтерлері заңсыз сатылып жатқан 254 тұрғын үй кешені бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
СҚО-да несие корпорациясының басшысы «Бизнеске жол» көрсетем деп пара алған
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Бизнеске жол» жобасын іске асыру шеңберінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының басшысын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ташкент қоймасында жойқын жарылыс болды
Жарылыстың себебі анықталған жоқ.
-
Үкіметте «G4 City» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды
Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы облысында «G4 City» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
28 қыркүйек, бейсенбіге арналған ауа райы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ел аумағында 28 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде «Өрт-2023» оқу-жаттығуы өтті
Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде «Өрт-2023» тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған жиын «Кімасар» шатқалында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
28 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Вьетнамда маймыл шешегі адамнан адамға жұғып жатыр
Вьетнамда «маймыл шешегі» адамнан адамға жұғып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
Үлкен Алматы көліне жеке көлікпен көтерілуге тыйым салынды
Үлкен Алматы көліне жеке автокөліктердің өтуіне тыйым салынды, , деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда жас жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырған
Алматыда 21 жастағы жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте қызылша ауруын жұқтырғандар көбейді
Шымкентте 97 балабақша мен 63 мектепте қызылша ауруы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО тұрғындары сүт өнімдерімен 100 пайыз қамтылады
ШҚО-да жыл басынан бері 350 тоннадан астам сүт өнімдері өндірілген. Қазір сүт өнімдерін өндіруден республика бойынша 6-орында тұр. Сүтті мал шаруашылығын дамыту туралы әкімдіктің кезекті отырысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рамиль Сағындықов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Степногорда жұмысшы электр бағанынан құлап, мерт болды
Ақмола облысында 35 жастағы жұмысшының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Оралдағы әуежай екі күнге жабылады
Оралдағы әуежай екі күнге жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Сондай-ақ 23 қыркүйектен 23 қазанға дейін Ақтау әуежайы таңертеңгі және кешкі рейстер кезінде ғана жұмыс істейтін болады.
-
Петропавлдағы тұрғын үйде өрт шығып, 12 адам эвакуацияланды
Петропавлда 27 қыркүйекте тұрғын үй пәтерлерінің бірінде өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх