Азиада. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко Қазақстанға үшінші алтын медаль әкелді

28 Қыркүйек 2023, 12:42
1178
Бөлісу:
Азиада. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко Қазақстанға үшінші алтын медаль әкелді
Фото: olympic.kz

Қазақстандық Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Скит" жаттығуының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан озық болды. Қорытынды есеп – 40:35.

Бұл Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін үшінші алтын медаль. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған Қазақстанның әйелдер командасы "скит" жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын орнатты. 

Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болған еді.

Біздің мергендер тағы да керемет нәтиже көрсетті! Спортшыларды, жанкүйерлерді және, әрине, команданың жаттықтырушылар штабын осы жеңіспен құттықтаймын. Бүкіл ел мергендерімізбен мақтанады. Бұл жеңіс мыңдаған қазақстандық жеткіншектерді осы спорт түрімен айналысуға шабыттандыратынына сенімдімін, - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Осылайша қазірге кезде Қазақстан құрамасының қоржынында 18 медаль бар. Оның 3-еуі алтын, 3-еуі күміс, 12-сі қола жүлде.

Өзгелердің жаңалығы