Алматының «Көк базарында» модернизациялау жұмыстары басталды

28 Қыркүйек 2023, 10:05
547
Бөлісу:
Алматының «Көк базарында» модернизациялау жұмыстары басталды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыдағы «Көк базардың» жөндеу жұмыстары 2024 жылдың соңында аяқталады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты. 

Биыл «Көк базарды» модернизациялау жұмыстары басталды. Желілерді реконструкциялау, орталық кіреберістің алдындағы бетон жабындыны жаңарту, тірек конструкцияларын күшейту, аумақты абаттандыру жоспарлануда. Жұмыстарды 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып жатыр, – дейді Ерболат Досаев.

Өзгелердің жаңалығы