Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде «Өрт-2023» оқу-жаттығуы өтті

28 Қыркүйек 2023, 08:22
857
Бөлісу:
Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде «Өрт-2023» оқу-жаттығуы өтті
Фото: скрин

Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде «Өрт-2023» тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған жиын «Кімасар» шатқалында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол «Медеу» мұз айдынына жақын орналасқан. Туристер көп келетін орынның бірі. Сценарий бойынша құрғақ шөп пен бұталар өртеніп қызыл жалын қарағайларға қауіп төндіреді. Тілсіз жауды әуелі «Ан-2» ұшағына мінген «Қазәуеорманқорғау» ұшқыштары анықтайды. Дереу ұлттық парктің, Төтенше жағдайлар департаментінің және қалалық құтқару қызметінің кезекшілеріне хабар береді. Өртті сөндіруге орманшылар жұмылдырылды.

Жаттығуда адамдарды құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәсілдері пысықталды. Мамандар туристерге тауда от жақпауды ескертеді.

Қазіргі таңда класс пожарной опасности дейміз, қазіргі таңда ол екінші класқа түсті. Онда да біз ұлттық парк бойынша инспекторларды күшейтілген рейде қойдық. Қазір рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Соның арқасында өртке қарсы ұлттық парк бойыншы 37 әкімшілік хаттама толтырылды, - дейді Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бас директорының орынбасары Дархан Исабеков.

Өзгелердің жаңалығы