Шымкентте «Asia Trafo» зауыты қуаты 500 МВА, салмағы 295 тонналық автотрансформатор шығарды

28 Қыркүйек 2023, 17:55
673
Бөлісу:
Шымкентте «Asia Trafo» зауыты қуаты 500 МВА, салмағы 295 тонналық автотрансформатор шығарды
PHOTO
Фото: автордан

Шымкентте «Alageum Electriс» компаниялар тобына кіретін «Asia Trafo» трансформатор зауытының инженерлері қуаты 250 000 кВА, кернеуі 500кВ болатын үш фазалы автотрансформатор жасап шығарды, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі. 

Орталық Азия аумағында алғаш рет жасалған трансформатор сынақтан сәтті өтіпті. Жақын күндері тапсырыс берушінің пайдалануына беріледі екен.

Шымкентте «Asia Trafo» зауыты қуаты 500 МВА, салмағы 295 тонналық автотрансформатор шығарды
Шымкентте «Asia Trafo» зауыты қуаты 500 МВА, салмағы 295 тонналық автотрансформатор шығарды
Шымкентте «Asia Trafo» зауыты қуаты 500 МВА, салмағы 295 тонналық автотрансформатор шығарды

Бұл хабарды «Asia Trafo» ЖШС Басқарма төрағасы Омар Асанов зауыт аумағына ұйымдастырылған пресс-тур барысында журналистерге жеткізді. Оның айтуынша, мұндай автотрансформатор Қазақстан тарихында, жалпы Орталық Азия елдерінде алғаш рет жасалып отыр екен.

Автотрансформатордың жалпы салмағы 395 тонна. Ұзындығы 13 метрден, ал биіктігі 10 метрден асады. Қазіргі таңда бұл Қазақстандағы ең ірі трансформаторлардың бірі саналады. Жалпы 500 кВ үш фазалы автотрансформаторларды өте сирек шығарады. Өйткені, бұл трансформатордың түрі жеке бір фазалы автотрансформаторларға бөлінеді. Содан кейін барып қосалқы станцияларда үш фазалы топқа біріктіреді. Ал мына біздің зауыт шығарған модельдің артықшылығы — басқа ұқсас трансформаторлармен салыстырғанда электр өнімдігі жоғары. Мәселен, басқа зауыттардың автотрансформаторларымен салыстырсақ, «Asia Trafo» ЖШС автотрансформаторының электр жоғалтуы 45%-ға төмен, — дейді Омар Асанов.

Шымкентте «Asia Trafo» зауыты қуаты 500 МВА, салмағы 295 тонналық автотрансформатор шығарды

Қазіргі таңда зауытта трансформаторларды сынақтан өткізетін арнайы зертхана да жұмыс істейді. Мамандар жоғары вольтты, жылу және акустикалық сияқты қабылдау-тапсыру сынақтарын осында өткізеді. Әлемдік стандарттарға сай жабдықталған лабораторияда жүргізілген сынақтардың нәтижесі техникалық шарттар мен нормативтік құжаттардың барлық талабына сай келеді екен.

 Автотрансформаторды жобалау барысында компаниямыздың үздік инженерлері және серіктесіміз «Trenco R&D» ЖШС ғылыми орталығының ғалымдары бірге жұмыс істеді. Бұл жобаны іске асыруға «Alageum Electric» инженерлік-конструкторлық бюросының және «Asia Trafo» зауытының барлық ұжымы жинақтаған тәжірибесі мен күш-жігерін арнап, соның арқасында жасалып отыр. Біздің зауытта шығарылған трансформаторлардың локализациясы 85%-дан асады. Яғни, трансформаторға қажет бөлшектердің 85%-ын өзіміз жасаймыз. Енді мұны 100%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз, — деді Омар Асанов.

Шымкентте «Asia Trafo» зауыты қуаты 500 МВА, салмағы 295 тонналық автотрансформатор шығарды
Шымкентте «Asia Trafo» зауыты қуаты 500 МВА, салмағы 295 тонналық автотрансформатор шығарды
Шымкентте «Asia Trafo» зауыты қуаты 500 МВА, салмағы 295 тонналық автотрансформатор шығарды

«Asia Trafo» зауыты — Орталық Азиядағы кернеуі 110, 220, 500 кВ қуаты 500 МВА дейінгі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт. Шымкент қаласының «Тассай» индустриялық аймағында орналасқан. Мұнда қазір 250 адам жұмыс істейді.

Зауыттың құрылысы 2017 жылы басталып, 2018 жылы желтоқсанда іске қосылды.

Ұйымның өз қызметкерлерінің қабілеттілігін дамыту негізгі факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан жаңа қызметкерлерді оқыту, өндірістегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру қолға алынған.

Зауыттың негізгі шығарылатын өнімдері автотрансформаторлар, күштік май трансформаторлары, сондай-ақ қуаты 500 МВА дейінгі кернеуі 110, 220, 500 кВ реакторлар болып табылады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 12 000 МВА-дан асады.

Шымкентте «Asia Trafo» зауыты қуаты 500 МВА, салмағы 295 тонналық автотрансформатор шығарды
Шымкентте «Asia Trafo» зауыты қуаты 500 МВА, салмағы 295 тонналық автотрансформатор шығарды
Шымкентте «Asia Trafo» зауыты қуаты 500 МВА, салмағы 295 тонналық автотрансформатор шығарды
Шымкентте «Asia Trafo» зауыты қуаты 500 МВА, салмағы 295 тонналық автотрансформатор шығарды

Зауыттың өнімдері ішкі нарықта ғана емес, шетелге де экспортталады. Орталық Азиян елдеріне, Әзірбайжан, Армения, Түркия, Украина, Ресей, Моңғолияға экспорттайды. Қазақстанның ішкі нарығын толықтай қамтамасыз етіп отыр. Жыл сайын ТМД нарығына кернеуі 110 кВ және одан жоғары трансформаторлық жабдықтар сату көлемін ұлғайтып жатыр.

AsiaTrafo зауыты «Ресейлік тіркелімді» сертификаттау жүйесімен сертификатталған. Зауытта өндіріске прогрессивті және экологиялық таза технологиялар енгізілді. Конструкторлық құжаттаманы әзірлеуден бастап шығарылатын бұйымдарға сервистік қызмет көрсетуге дейінгі заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету және машина жасаудың әлемдік көшбасшыларының жұмыс тәжірибесі негізінде өндірісті басқарудың жаңа жүйесі орнатылған. Зауыт аумағында 1500-ден астам жеміс ағаштары отырғызылды. Өз кадрларын даярлау үшін зауыт дуалды оқыту жүйесі бойынша жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтасуда. 2023 жылы зауыт базасында Satpayev University «Энергетика» кафедрасы ашылды. Ұйым қызметкерлерінің қабілеттілігін дамыту негізгі факторлардың бірі саналады. Сондықтан жаңа қызметкерлерді оқыту, өндірістегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру қолға алынған, — деді «Asia Trafo» ЖШС Басқарма төрағасы Омар Асанов.

Шымкентте «Asia Trafo» зауыты қуаты 500 МВА, салмағы 295 тонналық автотрансформатор шығарды
Өзгелердің жаңалығы