Қазақстанға әлемге әйгілі IT тұлғалар келеді

28 Қыркүйек 2023, 13:10
600
Бөлісу:
Қазақстанға әлемге әйгілі IT тұлғалар келеді
Фото: gov.kz

ОКҚ алаңында өткен брифингте Astana Hub басқарушы директоры Алина Абрахманова Digital Bridge 2023 халықаралық форумына кім қатысатынын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, биыл Digital Bridge 2023 аясында көптеген іс-шара жоспарланып отыр. Мысалы халықаралық ұйымдармен бірқатар меморандум мен келісімге қол қойылады.

Алина Абрахманова халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық Мемлекет басшысының IT-қызметтер экспортын 1 млрд долларға ұлғайту туралы тапсырмасын жүзеге асыруға оң ықпал ететінін атап өтті.

Екі күндік форум бағдарламасы аясында бірқатар іс-шара өтеді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс және Президентпен жеке кездесулер, 30+ халықаралық спикерлермен панельдік сессиялар, келісімдерге қол қою, Google for Startups іс-шаралары, Digital Bridge Awards, Стартаптар аллеясы, Astana Hub Battle және Meet the Drapers стартаптар туралы реалити-шоу эпизодын түсіру, - деді ол.

Сонымен қатар дәстүрлі түрде бірқатар көрме-корпорация, робототехника, IT мектептері, VC Zone, аймақтық IT хабтар және ірі IT-компаниялардың көрмелері мен вакансиялар жәрмеңкесі өтеді.

Форумның хедлайнерлері – IT әлемінің әлемге әйгілі тұлғалар, мысалы, Тim Draper - Venture investor, Co-founder of the Draper Fisher Jurvetson, Founder of Draper University, Bill Poucher - President at ICPC, James Barrat Director of Barrat Media, кинорежиссер, продюсер, сценарист, технология кәсіпкері Тимур Бекмамбетов, Антонио де Пальмас – Microsoft корпорациясының әлемдік нарықты дамыту жөніндегі вице-президенті және басқалары, - деп айтты Алина Абрахманова.

Бұған дейін 12-13 қазанда елордада Digital Bridge халықаралық форумы өтетінін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы