Ресейдің экономикасына жұмыс істеп жатырмыз – Жигули Дайрабаев

28 Қыркүйек 2023, 12:29
1998
Бөлісу:
Ресейдің экономикасына жұмыс істеп жатырмыз – Жигули Дайрабаев
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Мәжілістегі Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің өз металымыз жеткілікті. Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасына арналған жоғарғы технологиялық жабдықты талап етпейтін қарапайым, қосалқы бөлшектерді өндіруге болады. Алайда өндіріс үшін шикізатты Ресей Федерациясынан сатып аламыз. Көрші елдің экономикасына жұмыс істеп жатырмыз, - деді Дайрабаев.

Бірақ одан ел экономикасына келетін пайда жоқ екенін атап өтті. Өз сөзінде ел экономикасына пайда келтіретін Ақмола облысы Ақкөл қаласында орналасқан Комсомольский ремонт-механикалық зауытының жұмысын мысалға алды.

СКС-2.1 сепкіштерін, ПНЛ-8.35, ПВН-300.35, ПВН-4.35, ПВН-5.35 дискі ілмелі соқаларын, ПГП-7.4 тереңдеткіш жазық кескіштерін, тырмалар сияқты ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерді өндіреді, - деді депутат зауыт жұмысы туралы.

Ол зауыттың ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу бойынша қызметтер көрсететінін де айтты.

Шығарылған өнімдердегі Қазақстан үлесі 70 пайызға дейін жетеді. Өндіріс қуаттылығы солтүстік өңір фермерлерінің өндіретін өніміне сұраныстарын жабуға толық мүмкіндіктер береді. Кәсіпорынға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін болса, оның әлеуеті мен мүмкіндіктері өте жоғары, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы