Еліміздің автожолдары қысқы кезеңге дайын ба

28 Қыркүйек 2023, 17:40
626
Бөлісу:
Еліміздің автожолдары қысқы кезеңге дайын ба
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы «Республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының қысқы маусымға дайындығы» туралы брифингте «ҚазАвтоЖол» басшысы Мейрхат Қасымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қасымбаевтың айтуынша, бір айға жуық уақыттан кейін қысқы кезде жолдарды күтіп-ұстау жұмыстары басталады. Бұл жұмысқа 1600 арнайы техника мен 4200 маман жұмылдырылады.

"Казахавтодордың" материалдық-техникалық базасының тозу коэффициенті жоғары. Тиісінше, біз арнайы техника паркін жыл сайын жаңартып отыруымыз керек. Былтыр арнайы техника паркі 156 бірлік арнайы техника мен 60 қосымша жабдықпен толықты. Биыл тағы 269 бірлік жаңа арнайы техника әкелінеді. Олардың қатарында автогрейдерлер, шнекороторлар, қар тазалайтын жабдықтары бар тиегіштер мен тракторлар және басқалары бар. Бұл шара жолшы мамандардың еңбек жағдайы мен қысқы күтіп-ұстау жұмыстарының сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік бермек, - деді ол брифингте.

Оның сөзінше, ауа-райына байланыста қысқы күтіп-ұстау маусымы жарты жылға созылуы мүмкін.

Республикалық маңызы бар күре жолдарды күтіп-ұстау үшін 177 мың м3 құм, 33 мың тонна тұз және 2 мың тонна Айсмикс химиялық реагентін дайындау қажет. Бүгінгі таңда көктайғаққа қарсы материалдар алдағы үш айға (қазан, қараша, желтоқсан) 100% дайындадық. Материалдарды дайындау жоспарға сәйкес жоспарлы түрде жалғасады, - деді «ҚазАвтоЖол» басшысы.

Өзгелердің жаңалығы