Бөлекпаев ЖЭО-дағы апатқа байланысты түсініктеме берді

28 Қыркүйек 2023, 11:45
618
Бөлісу:
Бөлекпаев ЖЭО-дағы апатқа байланысты түсініктеме берді
VIDEO
Фото: скрин

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ЖЭО-3 апатына байланысты өңір тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, штаттан тыс жағдай тек ЖЭО-3-те ғана емес, Топар ГРЭС-2-де де болған.

Бүгін таңертең Қарағанды қаласының ЖЭО-3 және Топар ГРЭС-2 станцияларында апат болды. Қазір Топар ГРЭС – 2 жүктемені көтеріп жатыр, - деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Әкім ЖЭО-3-те болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оның бірінші орынбасары Вадим Басин кеткенін атап өтті.

Қазір «KEGOC», станциялармен бірлесіп, қысқа мерзімде өңіріміздегі тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз ету және жүктемені арттыру үшін барлық шара қабылданып жатыр, -деді өңір басшысы.

Еске сала кетсек, Қарағандыда ЖЭО-3-те апат болып, қаланың жартысы жарықсыз қалғанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы