NASA ғарышкері рекорд орнатты

28 Қыркүйек 2023, 15:14
565
Бөлісу:
NASA ғарышкері рекорд орнатты

Америкалық NASA ғарышкері Фрэнк Рубио Халықаралық ғарыш станциясында 371 күн болып, рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Былтыр қыркүйек айында ресейлік қос астронавтпен СОЮЗ-МС 23 кемесінің 69-шы экспедиция тобымен сапарға аттанған ол әуелде 6 айға қалуды жоспарлаған. Бірақ кеңістікте кеменің істен шығуына байланысты іссапар тағы жарты жылға созылды. 

Жыл бойы Фрэнк әуеде түрлі эксперименттер ұйымдастырып, ғарыш физикасы мен биология, робототехника ғылымдары бойынша тың зерттеулер жүргізген.

Ғарышта 1 жылды өткізу – мен үшін үлкен құрмет. Менің ойымша, мұндай тұрақтылық адамзат денесінің ұзақ мерзімге шыдап, үйренісіп, тағы да Айға аттануына мүмкіндігі барын көрсетеді. Ғарыш кеңістігінде біз түрлі жаңашылдықтарды ойлап тауып, Жердегі адамзатпен бейнеконференция орнатудың мүмкіндіктерін зерттедік, - NASA ғарышкері Фрэнк Рубио.

Өзгелердің жаңалығы