Қазақстан Азия ойындарындағы медаль санын 20-ға жеткізді

28 Қыркүйек 2023, 13:15
1101
Бөлісу:
Қазақстан Азия ойындарындағы медаль санын 20-ға жеткізді
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында ерлер арасындағы жағажай волейболынан жұптық бәсекелер өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жерлестеріміз Дмитрий Яковлев/Сергей Богату Иран спортшылары Алиреза Агажанигасаб/Аббас Поурасгариді 2:0 (25:23, 30:28) есебімен ұтты. Осылайша еліміздің қоржынына тағы бір қола медаль түсті.

Сондай-ақ таеквондо бойынша +67 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Жансель Дениз жартылай финалда Оңтүстік Корея елінің өкілі Ли Да Биннен жеңіліп, Азиаданың қола жүлдесін еншіледі.

Осылайша қазірге кезде Қазақстан құрамасының қоржынында 20 медаль бар. Оның 3-еуі алтын, 3-еуі күміс, 14-і қола жүлде.

Өзгелердің жаңалығы