Қазақстан газ транзитінен қанша пайда табады?

28 Қыркүйек 2023, 12:12
745
Бөлісу:
Қазақстан газ транзитінен қанша пайда табады?
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысынан соң Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біржановтың түсіндіруінше, Өзбекстан газы біздің ел аумағы арқылы Қытайға жеткізіледі. Ол еліміздің мақсаты транзиттік мүмкіндікті ұлғайту екенін айтады.

Қазақстан арқылы транзит жүріп жатыр. Бұл біздің газ емес. Транзитті тасымалдау кезінде біздің мекемелер өздеріне табыс табады. Кейін құн, корпоративтік салығын төлейді. Қазіргі таңда 14 тамыздан бастап транзит декларациясына сәйкес 6 айлық есептік көрсеткіш бойынша құн енгіздік. Соның барысында бір айдан астам уақытта 2,8 миллиард теңге қазынаға түсті, – деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы