Журналистер саябағында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

28 Қыркүйек 2023, 15:28
445
Бөлісу:
Журналистер саябағында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Фото: автордан

Қала тұрғындары Журналистер саябағындағы ағаштардың топырағы қопарылып, тамыры көрініп жатқанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жергілікті тұрғындар бұрынғы орындықтардың қайтарылуын, саябақта тұрғындардың демалуына жайлы болуы үшін тиісті жағдай жасалуын қалайды.

Журналистер саябағында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Саябақтың бұрынғы қалпы жақсы еді. Қазір жер-көктің барлығы қазылып, орындықтар жоғалған. Бұны қоя беріңіз, ағаштардың хәлі мүшкіл. Айналасындағы топырақ қопарылып, тамырлары көрінеді. Алдымызда қыс келе жатыр, ағашттардың жағдайы не болмақ? Осы бізді алаңдатады, – дейді Балдырған Смайлов есімді қала тұрғыны.

Бұл мәселеге орай, Медеу ауданының әкімдігі жағдайдың мән-жайын түсіндірді. Аудан әкімдігінің мәліметінше, саябақты жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған.

Журналистер саябағында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

«Самал-1» шағынауданында Журналистер саябағын қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Автосуару жүйесін орнату, көгалдар мен төсеніштерді төсеу, сыртқы жарықтандыру жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Жұмыс жыл соңына дейін аяқталады, – деді Медеу ауданының әкімдігінің басапсөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы