Все новости за 2 сәуір 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Александр Недовесов «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионын ұтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Испаниядағы Марбелья челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
-
Қазақстанда Naruvax-C19 вакцинасы бастапқы сынақтан өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан коронавирусқа қарсы тағы екі вакцинаны жасау жұмысын аяқтап қалды. Бұл туралы вирусолог-вакцинолог, профессор Қайсар Табынов мәлімдеді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
-
СҚО-да жыл басынан бері 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде ішімдік ішіп көлік айдаған 201 жүргізуші ұсталды.
-
Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы ТЖД бақылауында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы ТЖД облыстық жедел су тасқынына қарсы штабының бақылауында, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
-
ТЖМ ел аумағында болған су тасқыны жағдайларына қатысты соңғы деректерді жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТЖМ мәліметінше, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 5 елді мекенде 80 тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысан еріген қар салдарынан су астында қалды. Сонымен қатар су басқан Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су сорылды.
-
Целиноград ауданына су тасқынымен күресу үшін қосымша күштер жіберілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету үшін аудандарға Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберіледі. Бүгін қызметкерлер Целиноград ауданына аттанды, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
-
Өңірлер бойынша Ораза кестесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Қасиетті Ораза айы 30 күнге жалғасады. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.
-
90-100 жастан асқан қариялардың басын қосып, ауқымды игі шара өткіземіз – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар тәрбиесі мен ел дамуында аға буын ардагерлердің алатын рөлі зор. Бұл туралы облыс аумағындағы түрлі саланың еңбек ардагерлерімен өткен кездесуде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айрықша атап өтті.
-
Бозымбаев: Тазалық бар жерде береке бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысында сенбілік өтуде. Тазалық шарасында 50 мыңдай азамат белсене ат салысуда, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Қазақстанның Әскери-теңіз күштері құрылғанына 29 жыл толуын атап өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші сәуір – қазақстандық әскери теңізшілер үшін ерекше күн. Бұл күні 1993 жылы Мемлекет басшысы Әскери-теңіз күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
-
Елордада тауардың төлемі туралы чекті қолдан жасаған алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицияға дүкен иесі хабарласып, 41 жастағы ер адамның алдау арқылы 110 мың теңгеге жуық сомаға спорттық тауарларды иемденгені туралы арызданды, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
-
Ұлттық ұлан мен ТЖМ бірлесіп Ақтөбе облысындағы су тасқыны салдарын жойып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласының аумағында су тасқыны жағдайын жоюға 6655 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонынан 60 әскери қызметшіжұмылдырылды, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
-
Махамбет Досмұхамбетов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңір тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
«Севказэнерго» АҚ бас директоры ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 сәуірде «Севказэнерго» АҚ бас директоры ұсталды. Ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
-
Елорда әкімдігі педагогикалық және медициналық мамандықтарға 1300 грант бөледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында баспана мәселесі, сол сияқты жоғары білім алу үшін әкімдік тарапынан бөлінетін гранттар жайлы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Қазақстандық-нидерландық консультациялар ынтымақтастықтың оң динамикасын растады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастаған Қазақстанның СІМ делегациясы екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы консультациясының үшінші раундына қатысты.
-
Алматыда «Жасыл аула» науқаны аясында тұрғындарға 2400 көшет таратылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Науқанға қатысу туралы өтініш берген тұрғындарға 2400 жапырақты көшет беріледі. Биылғы науқанда жеке және заңды тұлғалардан 191 өтініш келіп түсті.
-
Бақыт Сұлтанов бағаның ең көп өсуі байқалған әкімдіктерге ескерту жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бақыт Сұлтанов сауда жәрдемақысының мөлшерін бақылауды күшейтуді тапсырды.
-
Медицина волонтерлерінің мектебі ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру аясында медицина волонтерлерінің білімі мен кәсіби дағдыларын арттыруға арналған оқыту шаралары ұйымдастырылатын болады, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
-
Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы тәулік бойы бақылауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұловтың төрағалығымен су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайды ескерту мен жоюға байланысты кезекті отырыс өтті.
-
Қазақстан мен Кипр арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл толды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толды.
-
Эмомали Рахмон халқын азық-түліктің 2 жылдық қорын жинауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қасиетті Рамазан айымен құттықтады, деп хабарлады Sputnik Тәжікстан.
-
Елде 9,4 млн-нан астам адам екпе салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 сәуірдегі Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 459 382 адам, 2 - ші компонентін 9 174 582 адам салдырды.
-
Бибігүл Асылова жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бибігүл Асылова Премьер-министрдің әлеуметтік блок бойынша кеңесшісі болып тағайындалды.
-
Бүгін Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2003 жылы елімізде аутизм спектрі бұзылған (АСБ) 77 бала тіркелсе, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 9 мыңға жетті. Сондай-ақ қазір азаматтардың аутизм туралы көбірек ақпарат білетінін, диагностика мен тіркеу жүргізіліп жатқанын, одан бөлек, соған сәйкес көмектің ұйымдастырылып, белгілі бір инфрақұрылым жасалып жатқаны туралы көрсететінін түсіну маңызды.Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
-
Павлодарда ағаштарды кесуге 150 млн теңге бөлінді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында ағаштарды санитарлық кесу шаралары басталды. Биыл бұл жұмыстарға 150 млн теңге бөлінді.
-
Әшімбаев: Халықтың ырысын арттырып, ынтымағын нығайтатын ай құтты болсын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, фейсбук әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.
-
Өлім жазасына қарсы халықаралық комиссия Қазақстанның Екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялауын құптайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өлім жазасына қарсы халықаралық комиссия (ӨЖХК) Қазақстанның 2022 жылғы 24 наурызда өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялауын құптайды,деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
Коронавирус. 19 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ елде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2 сәуірдегі ақпаратты жариялады.
-
Қаңтар оқиғасы кезінде имамдар ауқымды жұмыс істеді - Оңғаров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб муфти Ершат Оңғаров айтты.
-
Қасымбек Қарағанды облысының су басу қаупі жоғары елді мекендерін аралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ТЖД бастығы Мұрат Қатпановпен бірге Қарқаралы және Шет аудандарындағы Нұра, Шерубай-Нұра және Жарлы өзендері арналарының бойындағы елді мекендерді шолып шықты.
-
Мұсылмандардың оразасы қандай жағдайда бұзылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб муфти Ершат Оңғаров айтты.
-
Смайылов Facebook желісінде жеке парақшасын ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Facebook желісінде жеке парақшасын ашты.
-
Сенаторлар медиация институтын жетілдіру тетіктерін зерделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаттары Ләззат Сүлеймен мен Қанатбек Сафинов Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының медиаторларымен, сондай-ақ медиацияны дамыту мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесулер өткізді.
-
Павлодарлық сотталғандар электронды білезіктердің көмегімен бақыланады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің пробация қызметі жазасын өтеушілерді заманауи технологиялардың көмегімен бақылай бастады. Қазіргі уақытта 100-ден астам электронды білезік іске қосылды.
-
Марат Ахметжанов елордадағы полиция бөлімшелерін аралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі бас қаладағы тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын тексерді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарында жағдай күрделі — ТЖМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа температурасының күрт жылынуы салдарынан еліміздің барлық өңірлерінде су тасқыны жағдайы қиындады.
-
ҰҚК Каспий теңізіндегі бақылауды күшейтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі ІІМ және ЭГТРМ аумақтық бөлімшелерімен, сондай-ақ РФ ФҚҚ ШҚ-мен бірлесіп Каспий теңізі су айлағында браконьерлік әрекеттің жолын кесуге және биологиялық әртүрлілікті сақтауға бағытталған ұйымдық және практикалық іс-шаралар кешенін жүргізуді бастады.
-
Имам ораза ұстай алмайтындар қандай садақа беруі керегін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб муфти Ершат Оңғаров айтты.
-
Елбасы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады.
-
Трансплантация: екінші өмірге мүмкіндік
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында донорлық ағзаға мұқтаж 230 ақмолалықтың 69-ы өмірден өтті.
-
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Алмаз Серікболұлы Ыдырысов Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
-
Әлихан Смайылов қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Рамазан айымен барша мұсылманды құттықтады.
-
Бас прокуратура азаматтарға арналған жадынама әзірледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокуратура азаматтарға ыңғайлы болуы және жолданымдарды жедел шешу үшін прокуратура органдарының оларды қарау ерекшеліктері туралы арнайы жадынама әзірледі, деп хабарлады Бас прокуратураның Өтініштермен жұмыс және іс жүргізу департаменті.
-
Қарағанды облысында балаларды ит талап тастады: бір бала көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында ит екі кішкентай балаға шабуылдады, баланың біреуі қайтыс болды. Қазір бұл факті бойынша құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр.
-
#Желмая. Оразаны қандай жағдайлар бұзбайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы - ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб муфти Ершат Оңғаров.
-
Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекараға қатысты бірқатар мәселені талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 28 наурыз – 1 сәуір аралығында Алматыда Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз он алтыншы отырысы өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
Санкциялар қазақстандық екінші деңгейлі банктерінің қызметіне шектеулі әсер етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 сәуірде S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының егемен кредит рейтингінің «тұрақты» болжамды «BBB-» деңгейін растады.
-
БҒМ грантқа түсу ҰБТ-сы қашан өткізілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 сәуір күні Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2022 жылғы түлектерге жазған хатынды енді оқушылар грантқа түсу үшін ҰБТ-ны рет тапсыра алатындарын мәлімдеді.
-
ИИДМ жаңа ғимараттардың биіктігін шектеу туралы Алматы әкімдігінің бастамасын қолдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хабарламада ведомство жергілікті атқарушы органның іс-әрекеттеріне сұратылған ақпараттың түсуіне қарай құқықтық баға беріп, сондай-ақ тиісті шешім қабылданғаны туралы атап өтілген.
-
Министрлік елдегі құрылыс материалдарының қымбаттауына қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты туындаған көлік-логистикалық дағдарыс аясында биыл басқа елдердегідей Қазақстанда да объектілер құрылысының қымбаттауы және құрылыс материалдарын жеткізушілердің алыпсатарлық әрекеттерінің өсуі өзекті мәселе болып отыр.
-
Standard&Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін тағы да растады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты».
-
Қазақстан елшісі Сауд Арабия үкіметіне алғысын білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. САК Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Әдел бен Ахмед әл-Джубейр Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы елшісі Берік Арынды қабылдады.
-
Бір тәулікте 72 адам коронавирус індетінен жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 72 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
-
Өткен тәулікте 19 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі 1 наурыздағы жағдай бойынша еліміздегі эпидемиологиялық ахуал туралы мәліметті жариялады.
-
Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Елордада су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада су тасқынына қарсы іс-шаралар қарқынды жүріп жатыр. Қалада су тасқыны қаупі бар учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда 25-ке дейін азайды. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер тұрақты дайындыққа келтірілді. Тасқын суларды өткізу бойынша кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді.
-
Қазақстанда «Бекіре-2022» балық қорғау акциясы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2022» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтеді, деп хабарлайды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Малайзия билігі туристерге шекарасын ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді вакцина салдырған туристерге Малайзия шекарасы ашық, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Ақтөбеде жүзуден ел чемпионаты өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласында жүзуден Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Алматы облысында жасырылған қару табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында жасырылған қару табылды. Бұл ткралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев мәлімдеді.
-
Қазақстан мен Таиланд арасындағы дипломатиялық қатынаса 30 жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Таиланд арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ҚР Елшілігі Бангкок қаласы әкімшілігінің қолдауымен ұала орталығындағы Бенджакитти саябағында ағаш отырғызу рәсімін өткізді.
-
Балалар арасындағы жұқпалы аурулардың шешу жолдары зерттелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі балалар инфекциялық патологиясы республикалық ғылыми конференция барысында талқыланды. Жетекші мамандар балалардағы түрлі жұқпалы патологиялардың себептерін және осы мәселелерді шешу жолдарын зерттеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Кәмелетке толмаған балалардан психотроптық заттар тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында кәмелетке толмаған балалардан психотроптық заттар тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Астана мен 8 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша, 2 сәуірде елімізде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Наверх