Малайзия билігі туристерге шекарасын ашты

2 Сәуір 2022, 06:29
1331
Бөлісу:
Малайзия билігі туристерге шекарасын ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді вакцина салдырған туристерге Малайзия шекарасы ашық, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Шетелдік саяхатшылар міндетті карантиннен босатылды. Енді келушілер екпенің екі дозасын салдырып, ПТР-тест нәтижесін көрсетсе жеткілікті. 

Денсаулық сақтау министрі тиісті ережелер сақталмаған жағдайда қатаң жаза қолданылатынын ескертті. 

Билік өкілдері екі жылғы пандемидядан кейін туризм саласын қайта жаңғыртуды көздеп отыр.

Өзгелердің жаңалығы