Имам ораза ұстай алмайтындар қандай садақа беруі керегін айтты

2 Сәуір 2022, 12:12
2566
Бөлісу:
Имам ораза ұстай алмайтындар қандай садақа беруі керегін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб муфти Ершат  Оңғаров айтты. 

Дертінің жазылуы үміт етілмейтін ауруы бар науқастар бар. Ол қан қысымы, қант диабеті сынды дерттер. Олар оразадан босатылады. Олар оразаның орнына пидия садақасын береді. Оразаның әр күні жағдайы жоқ адамды тамақтандыруы керек. Яғни, 30 күнде 30 адамды тамақтандыруы керек, - деді ол. 

Имамның айтуынша, Пайғамбар (с.ғ.с) «аузы берік адамға, ауыазашар берсе, ауыз бекіткен адамның сауабы оған да жазылады» деген. 

Сондықтан ұзақ сырқаты бар адамдар ораза орнына пидия садақасын бере алады. Оның бір шарты – ораза ұстай алмайтын науқастар болуы керек. Денсаулығы бар, ораза ұстай алатын адамдар ораза ұстамай, пидия садақасын берсем де болады екен ғой деген түсінік қалыптаспауы керек. Денсаулығы бар адамға ораза ұстау- парыз, - деді Ершат Оңғаров.

Өзгелердің жаңалығы