Өлім жазасына қарсы халықаралық комиссия Қазақстанның Екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялауын құптайды

2 Сәуір 2022, 14:12
1122
Бөлісу:
Өлім жазасына қарсы халықаралық комиссия Қазақстанның Екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялауын құптайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өлім жазасына қарсы халықаралық комиссия (ӨЖХК) Қазақстанның 2022 жылғы 24 наурызда өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялауын құптайды,деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. 

ӨЖХК президенті Нави Пиллэй өз мәлімдемесінде Қазақстанның Екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялауы «оның өлім жазасын толық жоюға деген ұмтылысының халықаралық растауы болып табылады және 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қандай да бір ескертпелерсіз елде барлық қылмыстар үшін өлім жазасының күшін жоюдан кейін болды. Осылайша, Қазақстан Орталық Азия өңірін өлім жазасынан ада өңір болуға жақындастыратын маңызды қадам жасады. Бұл маңызды шешім ерекше болып табылады, өйткені ел ӨЖХК қолдау тобының маңызды мүшесі болып табылады. Қазақстанның осы тарихи шешімінің арқасында бүкіл әлемде өлім жазасын алып тастау бұрынғыдан да жақын» деп атап өтті.

Сонымен қатар, Комиссия ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, ҚР Конституциясына өлім жазасын жою туралы тиісті түзетулер енгізу туралы ұсынысын оң бағалады. «Мұндай конституциялық түзету Қазақстанда өлім жазасының күшін жоюды одан әрі нығайтатыны және бүгінде әлемде орны жоқ осы қатыгез, адамгершілікке жатпайтын жазаға нүкте қоятыны» атап өтілді.

Қазақстан ӨЖХК қолдау тобының негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Комиссия жұмысын өлім жазасының күшін жоюды жақтаған 23 мүше мемлекеттен тұратын географиялық әр түрлі топ қолдайды. Оның Хатшылығы Мадридте орналасқан және Комиссияның күнделікті жұмысына жауап береді.

 

Өзгелердің жаңалығы