ИИДМ жаңа ғимараттардың биіктігін шектеу туралы Алматы әкімдігінің бастамасын қолдайды

2 Сәуір 2022, 09:44
1442
Бөлісу:
ИИДМ жаңа ғимараттардың биіктігін шектеу туралы Алматы әкімдігінің бастамасын қолдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хабарламада ведомство жергілікті атқарушы органның іс-әрекеттеріне сұратылған ақпараттың түсуіне қарай құқықтық баға беріп, сондай-ақ тиісті шешім қабылданғаны туралы атап өтілген. 

Алматы қаласының құрылыс саясатындағы өзгерістерге және Абай даңғылының оңтүстігіндегі аумақта жоспарланған көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің биіктігін шектеу туралы қала әкімдігі таратқан хабарламаларға байланысты министрлік шұғыл түрде жағдайдың себептерін талдау бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органмен қабылданған шешімнің себептерін түсіндіретін қажетті ақпарат беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, – деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әкімдіктің бастамасын қолдайтынын айтты. Өйткені енгізілген шектеу нәтижесінде мегаполистің құрылыс тығыздығы, оқшаулануы мен желдетілуін одан әрі бұзуға жол берілмейді.

Өзгелердің жаңалығы