Кәмелетке толмаған балалардан психотроптық заттар тәркіленді

2 Сәуір 2022, 01:06
1799
Бөлісу:
Кәмелетке толмаған балалардан психотроптық заттар тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында кәмелетке толмаған балалардан психотроптық заттар тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу шеңберінде Көкшетау қаласында 16 және 17 жастағы екі кәмелетке толмаған адамды ұстады, олардан санкцияланбаған тінту барысында ақ түсті ұнтақ тәрізді консистенциясы бар түйіншек тәркіленді. 

Сонымен қатар ұсталғандар “жасырын” орындарын атап өтті, онда да ұқсас заттары бар түйіншектер табылып, тәркіленді. 

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат салмағы 800 грамнан асатын психотроптық зат болып шықты. 

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Өзгелердің жаңалығы