ТЖМ ел аумағында болған су тасқыны жағдайларына қатысты соңғы деректерді жариялады

2 Сәуір 2022, 21:42
1474
Бөлісу:
ТЖМ ел аумағында болған су тасқыны жағдайларына қатысты соңғы деректерді жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТЖМ мәліметінше, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 5 елді мекенде 80 тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысан еріген қар салдарынан су астында қалды. Сонымен қатар су басқан Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су сорылды.

Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша тұрғын үйлерді су басу дерегі тіркелген жоқ. Республикалық маңызы бар 1 автожолда су жайылу жағдайы тіркелді.

Су басқан 37 үй бақылауға алынды, 19 автожол учаскесінде су тасқыны бар, оның ішінде республикалық маңызы бар – 2, облыстық – 1, жергілікті – 16, оның ішінде автожолдардың 14 учаскесі шайылып кеткен.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша алдағы тәуліктерде Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қалаларында жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Күндізгі уақытта ауа температурасы +5-тен +20-ға дейін, түнгі уақытта -3-тен + 9-ға дейін сақталады.

Өзгелердің жаңалығы