Қазақстан мен Таиланд арасындағы дипломатиялық қатынаса 30 жыл

2 Сәуір 2022, 03:18
1907
Бөлісу:
Қазақстан мен Таиланд арасындағы дипломатиялық қатынаса 30 жыл

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Таиланд арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ҚР Елшілігі Бангкок қаласы әкімшілігінің қолдауымен ұала орталығындағы Бенджакитти саябағында ағаш отырғызу рәсімін өткізді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Рәсімге Бангкок қалалық әкімшілігі мен Таиланд Сыртқы істер министрлігінің өкілдері  қатысты.

Рәсімнің ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Елшісі Раушан Есбулатова дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы екіжақты ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатыны атап өтіп, Таиланд Үкіметіне осы іс-шараны ұйымдастыруға көрсеткен қолдау мен көмек үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ рәсімде сөз сөйлеген Қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Паджари Маха Карнчан, өз тарапынан биылғы мерейтойлық жылды мерекелеудің екі ел үшін маңыздылығын атап өтті және Қазақстан халқына гүлдену мен табыс тіледі. Осыған орай Бангкок пен Нұр-Сұлтан арасында орнатылған бауырлас қалалар ынтымақтастығы одан әрі жалғастыра береді деп үміт күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы