Қасымбек Қарағанды облысының су басу қаупі жоғары елді мекендерін аралады

2 Сәуір 2022, 13:47
2137
Бөлісу:
Қасымбек Қарағанды облысының су басу қаупі жоғары елді мекендерін аралады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ТЖД бастығы Мұрат Қатпановпен бірге Қарқаралы және Шет аудандарындағы Нұра, Шерубай-Нұра және Жарлы өзендері арналарының бойындағы елді мекендерді шолып шықты. 

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Наурыз айының соңы жауын-шашынды  болғандықтан және келесі аптадан бастап болжамға сай ауа температурасы жоғарылайтыны сақтықты күшейтуді талап етеді.

Қасымбек Қарағанды облысының су басу қаупі жоғары елді мекендерін аралады

Қарқаралы ауданында су тасқыны қаупі жоғары жерде, өзен арнасында Жарлы, Тегісшілдік және Көктас елді мекендері орналасқан. Жеті жыл бұрын Тегісшілдік ауылы су астында қалды. Жағдайдың қайталанбауы үшін жыл сайын мұнда қорғаныс біліктері күшейтіліп, Жарлы өзенінің арнасында жарылыс жұмыстары жүргізіледі.

Қасымбек Қарағанды облысының су басу қаупі жоғары елді мекендерін аралады

Шет ауданының аумағын тексеру Шерубай-Нұра бастауларынан басталды. Қызылқой ауылына ерекше көңіл бөлінді. Ол үш өзеннің – Қызылқой, Талды және Шерубай-Нұраның тоғысында орналасқан. Бұл су тасқынының ықтималдығын жоғарылатады. Бүгінгі таңда ауыл жоғары бір метрлік, ал кейбір жерлерде бір жарым метрлік білікпен қорғалған.

Қасымбек Қарағанды облысының су басу қаупі жоғары елді мекендерін аралады

Мұрат Қатпановтың айтуынша, елді мекендердің айналасындағы қорғаныс үйінділері жыл сайын нығайып келеді. Қазір су өткізу құбырлары мен су бұру арналарын белсенді тазалау жалғасуда. Сонымен қатар, еріген су аулаларды басуы мүмкін.

Қасымбек Қарағанды облысының су басу қаупі жоғары елді мекендерін аралады

Жеңіс Қасымбек жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстауды тапсырды.

Облыстық ТЖД тұрақты мониторингінде барлығы 158 су тасқыны қаупі жоғары елді мекен бар.

Қасымбек Қарағанды облысының су басу қаупі жоғары елді мекендерін аралады
Өзгелердің жаңалығы