Александр Недовесов «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионын ұтты

2 Сәуір 2022, 23:49
1793
Бөлісу:
Александр Недовесов «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионын ұтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Испаниядағы Марбелья челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Недовесов пәкістандық Айсам Курешимен бірге ширек финалда испаниялық Пабло Андухар және швейцариялық, кезінде жекелей сында үш мәрте «Үлкен дулыға» жарысының жеңімпазы атанған Станислас Вавринкамен кездесті. Александр мен Айсам бірінші партияда қарсыластарын бет қаратпай ұтты – 6:1. Екінші сет тағдыры тай-брейкте шешіліп, қазақстандық-пәкістандық жұп жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:1).
Жартылай финалда Недовесов пен Куреши чехиялық Роман Жебавы – аустриялық Филипп Освальд жұбымен күш сынасады.

Өзгелердің жаңалығы