Елбасы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

2 Сәуір 2022, 12:02
1568
Бөлісу:
Елбасы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша орын алатын бұл ай исламның ең басты құндылықтары – жақсылық пен мейірімділікті, сабыр мен имандылықты дәріптейді. Бұл идеялар діні мен ұлтына қарамастан тұтас халқымыздың бірлігін бекемдей түсері сөзсіз.

Қасиетті Рамазан айында сіздерге зор денсаулық, рухани күш-қуат, бақ-береке тілеймін!

Өзгелердің жаңалығы