Марат Ахметжанов елордадағы полиция бөлімшелерін аралады

2 Сәуір 2022, 12:30
1418
Бөлісу:
Марат Ахметжанов елордадағы полиция бөлімшелерін аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі бас қаладағы тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын тексерді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдымен “Есіл” аудандық Полиция басқармасында болған Марат Ахметжанов нысанның материалдық-техникалық базасымен ғана емес, қызметкерлердің жұмысымен де танысты. Әсіресе қылмыстық процестің үш буынды моделін жүзеге асыру мен ведомстводағы сандық жүйені пайдалану деңгейіне баса назар аударды. Жеке құраммен сөйлесіп, жас мамандармен пікір алмасты.

Министр қалалық Патрульдік полиция полкіне де барды. Құрылымның материалдық-техникалық базасын көрді. Жөндеуді қажет ететін ғимарат пен көлік тұрағының жайын білді. Қызметкерлер мәселесі көтерілді.

Сондай-ақ, Марат Ахметжанов елорда әкімі Алтай Көлгіновпен кездесіп, полицияның ескі ғимараттарын жөндеу және қайта жаңарту мәселелерін талқылады. Заманға сай материалдық-техникалық база жұмысты жеделдетуге, тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы